
Адал еңбек,алғысым - ұстазыма
2018 жылдың наурыз айының 01 күні Ақтау қалалық білім бөлімі және облыстық, қалалық кәсіподағының ұйымдастыруымен «Алғыс айту» күні мерекесіне арналған кеш өткізілді.
Кештің мақсаты: қиыны мен қызығы мол білім саласындағы ардагер ұстаздарымыз бен зейнеткерлікке шыққан ұстаздарымыздың еңбектерін елеп, алғыс білідіру.
Мерекелік кешке шақырылған қонақтардың қуанышты жүздері, көтеріңкі көңіл - күйлері ерекше бір әсер қалдырғандай болды. Көктем айының басталуы, Жер-Ана, табиғаттағы құбылыстар, наурыз айындағы мерекелер, бір-бірін көріп дидарласуы адам жанына ерекше бір әсер қалдырары сөзсіз.
Мерекелік кештің шымылдығын Ақтау қалалық әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова «Алғыс айту» күні мерекесімен құттықтап, ризашылығын білдірді. Кеш барысында ардагер ұстаздарымыз балаларды оқыту мен тәрбиелеу өте жауапты қызмет екендігін, бірақ қиындықтан қашпай еліміздің ұрпағын тәрбиелеуде шыдамдылық таныту, өз кәсібін сүюді, сонымен қатар алдыңа келген әрбір баланы жақсы көру, сапалы білім мен саналы тәрбие беру, әрбір ұстаздың міндеті екенін ұмытпау керектігін насихаттап, өткен тәжірибелерімен бөлісті.
Болашақта алдыңнан білім алған оқушыларыңның азамат болып, еліне қызмет етіп жүргендерін көргенде, үлкен қуанышқа, бақытқа бөленетіндігін жеткізді.
Кеш соңында ардагер ұстаздарымыз осындай мерекелік шара ұйымдастырылғанына, еңбектерімізді еленгеніне дән ризашылықтарын білдіре келе, облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымдарына алғыстарын жеткізді.Осындай ардагер ұстазымыздың бірі Ақтау қаласы, №10 жалпы білім беру орта мектебінің ұстазы Есмағамбетова Карагөз апай өзінің жүрек жарды тілегін, өзі шығарған «Кәсіподақ ұйымына ақ тілек»атты өлең шумақтарымен жеткізді.
Зейнеткерлер деп бізді ардақ тұтып,
Құрметпенен шақырған «Ақсұңқарға».
Рахмет айтамыз бір ауыздан,
Біздер үшін жайылған дастарқанға.
Алғысым шексіз кәсіподақ ұйымына,
Айтамын рахметімді мен жиында.
15 жыл кезек күтіп сабырменен,
Қол жеткіздім бір бөлмелі баспанаға.
Кәсіподақ ұйымы мүддемізді,
Қорғайды, ұмытпайды мүлдем бізді.
Сайыстарға қатысқан ұстаздарға,
Құрметпенен сыйлайды жүлдемізді.
Аман жүрсін шаршамай зейнеткерлер,
Өмір сүрсін ешқандай бейнет көрмей.
Кәсіподақ ұйымының мүшелері
Жүріңіздер әрдайым биікке өрлей!
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы
филиалының төрайымы Күнзира Енсегенова
-
Фотографии
-