
Жолдау жолымен білім биігіне
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың«ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДА ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»деп аталатын биылғы Жолдауы теңдестірілген және мазмұнды ақпараттық жариялауды талап ететіндігін және еліміздің саяси-экономикалық және идеологиялық бағыты ел дамуынының басым бағыттары мен келешек мақсаттарының халыққа қаншалықты анық және дәл жеткізілетініне байланысты екендігін ескере отырып сондай ақ халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу кезінде2018 жылғы Жолдаудағы алға қойылған барлық міндеттердің нақты практикалық нәтижелерге қол жеткізуді, түптеп келгенде Қазақстан халқының өмір сүру сапасы мен деңгейін арттыруды көздейтінінеерекше назар аударған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызын ескере отырып, және Жолдауды насихаттау барысында дәстүрлі нұсқаулардан тұратын жалпы ой-тұжырымдардан,халықты жалықтырып, «ұйықтатып алмауға» баса назар аударған аудандық білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ комитеті«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» -атты Елбасының жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын аудан ұстаздары арасында кеңінен насихаттау, Жолдауда көрсетілген 10 басым міндетке баса назар аударып, жалпы білім беру саласына және білім ұйымдарына жасалып жатқан жағымды жаңалықтардынасихаттау, дәріптеу, аудан мектептеріндегі белсенді жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, оған тың серпін туғызу, кәсіподақ ұйымының белсенді көзқарасын, бағытын айқындау мақсатында«Жолдау жолымен білім биігіне!»тақырыбындаҮгіт – насихат бригадалар байқауынұйымдастырды.
Ақпан айының 13-17 аралығында өткізілген аймақтық байқауларда 8 үгіт-насихат тобы іріктеліп,2-турға,яғни аудандық байқауға жіберілген болатын.
3-наурыз күні аудан орталығындағы №110-мектеп-лицейде өткен осы 8 ақпараттық-насихат топтардың қатысуымен өткен қорытынды кезең қызу тартысты түрде өтті.Бұл қорытынды кезеңге қатысқандар:
Әлшекей балалар өнер мектебінің «Ұлы дала өрендері»,№52 Б.Аралбаев атындағы орта мектептің «Нұрлы болашақ»,№209 Ә.Абуталипов атындағы орта мектептің «Түгіскен тарландары», №110 мектеп-лицейдің «Бәйтерек» тобы,Бесарық өнер мектебінің «Өрлеу»тобы, №160 орта мектептің «GGG» тобы,№184 негізгі мектептің «Желкен» тобы,№3 мектеп-интернаттың «Руханият» топтары.
Байқауды ашқан кіріспе сөзінде аудандық білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Е.М.Сатершинов байқаудың мақсатына тоқталса, «Нұротан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кеңесшісі Үсенұлы Нариман қашан да жаңалықтың жаршысы борлып жүретін Елшібек Меңлібекұлына Жолдауды халық арасына насихаттауды бүгінгідей жаңаша форматта ұйымдастырып отырғаны үшін алғысын білдіріп,қатысушыларға сәт сапар тіледі.
Байқау шымылдығын ашқан №52 мектептің«Нұрлы болашақ»тобы Жолдаудың 20 жылдық тарихына көз жүгіртіп,биылғы Жолдаудың ерекшелігіне,2018 жылғы Жолдау елде жүргізіліп жатқан жаңғыру үдерістерінің логикалық жалғасы екендігіне көпшілік назарын аударса,№160 мектептен келген «GGG» (Жаңарған жаңашыл жастар) тобы биылғы Жолдаудың өзегітехнологияландыру және цифрландыруекенін, келешегі кемел Мәңгілік Елімізде бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгу қажырлы еңбекті қажет ететінін,қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік екендігіне мән беріп,жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізге, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызға бағыт беруде деген идеяға аса мән берді.Бесарық өнер мектебі тарих қойнауына жол тарта отырып,еліміздің өткеніне үңіліп, бүгінмен ұштастырып,Жолдаудағы мұғалімдер мәртебесін көтеру,үштіліділік,латын әліппесіне көшу идеяларын алға тартса,110 мектеп-лицейдің «Бәйтерек» тобының қойылымында тарих тереңіне үңіліп,ел тәуелсіздігі жолындағы қиындығы мен шиеленісі мол кезеңдер шежіресін беріп,тұғыры берік тәуелсіздік,рухани жаңғыру тілге тиек болды.
Қожакенттіктер осындай игі іс-шаралар ұйымдастырып,жаңалықтың жаршысы болып жүретін кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдіріп, Елбасымыздың Жолдауларының тарихынан сыр шетті.
Көпшілікті өз шеберліктерімен дүр еткізіп,әп-сәтте баурап алған Әлшекей өнер мектебінің үгіт-насихатшылары Жолдау-барша қазақстандықтардың игілігі екендігіне басым бағыт беріп, «Ақылды қалалар» идеясын алға тартса, №3 мектеп-интернаттың «Руханият» тобы туған облыс тарихынан сыр шертіп,облысымыздағы рухани жаңғыру бағытында атқарылып жатқан шараларға мән берді.Қойылымдарының тұла бойынан туған жерге деген ыстық ықылас пен құрмет,мақтаныш сезімі байқалып тұрған №209 мектептің «Түгіскен тарландары» үштілділік саясатын басты назарға алды. Ұлы ұстаз Ы.Алтынсариннің «»Өнер,білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.Айшылық алыс жерлерденЖылдам хабар алғызды», - деген өлең жолдарын өз қойылымдарының эпиграфына айналдырған түгіскендіктер «Елім деген Елбасы бар,
Елбасы деп соңынан ерер ері бар!»- деген қорытынды жасап,Қазақстан-мәңгілік ел!-деген тұжырымды ұсынды.
Байқау қорытындысында «Түгіскен тарландары» - «Ең үздік идея» номинациясына, Әлшекей өнер мектебі «Ең үздік насихатшы», манаптықтар –«Ең үздік пиар тобы», Бесарықтықтар- «Ең үздік өнер»,қожакенттіктер-«Ең үздік әуенді топ», «Нұрлы болашақ» тобы «Ең үздік сценарий», мектеп-интернаттың «Руханият »тобы- «Ең үздік шығармашыл топ » номинацияларына ие болды. Ал байқаудың бас жүлдесі – 50 мың теңгенің сертификаты мен «Ең үздік бригада» атағын №110 мектеп-лицейдің «Бәйтерек» тобы жеңіп алып,облыстық байқауға жолдама алды. Сондай-ақ байқау барысында өз өнерімен ерекшеленген бір топ қатысушылар; Атахожаев Абзал,Шайхысыламов Қайрат,Алиханова ЖадыраҚабылбаева Ақнұр,Айымбетов Қайрат,Мұстафаев Ерсұлтан,Өтебаев Асылжан,Маханова Айдана,Сұлтан Абылай «Нұротан» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Алғыс хатымен марапатталып,барлық қатысушы топ мүшелеріне бағалы сыйлықтар берілді.Айға созылған байқау мәресіне жетті.Алайда байқау сыйлаған нұрлы шуақ қатысушылар жүрегіне ұзақ уақытқа жылу сыйлағаны анық. «Байқаудан қанаттанып,жарқын да кемел болашаққа деген нық сеніммен тарқадық»,-дейді байқаудың ең жас қатысушыларының бірі Әлшекей өнер мектебінің жас ұстазы Сұлтан Абылай. Иә,бұл тек Абылайдың ғана ойы емес,байқауға қатысушы әрбір жастың көкейге түйген ойы еді.
Айсұлу Пазылова,Жаңақорған ауданы,Қызылорда облысы
-
Фотографии
-