
МАҚСАТ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ МӘРТЕБЕСІН КӨТЕРУ
Дінмұхаммед Қонаев атындағы мектеп-гимназияда Қазақстандықсалалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Жуалы аудандық комитеті филиалының «Әлеуметтік әріптестік жөніндегі екі жақты Ұжымдық шарттың орындалу барысы мен алға қойған мақсат-міндеттері туралы»VІІ Пленумы өтті. Оған облыстық ұйым төрағасының орынбасары Ерұлан Мағзымбеков, аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Анар Ахметоважәне мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшілері қатысты.
Пленумды кәсіподақ комитетінің аудандық филиалының төрайымы Гүлнұр Қадырбекқызы ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселенің бірі –ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер және кәсіподақтың аудандық ұйымының 2017 жылы атқарған жұмысы туралы Гүлнұр Қадірбекқызы баяндама жасады. Баяндамашы бүгінде Жолдау аясында заман талабына орай ұстаздар қауымына жүктеліп отырған міндеттер туралы айта келіп, 2017 жылы аудандық ұйымның атқарған жұмысы жайлы және кәсіподақтың құқықтық еңбек инспекциясының маманы Гүлжан Орынбаеваның келісім мен бірыңғай ұжымдық шарттардың ережелері мен шарттарына мониторинг жүргізуінде анықталған кемшіліктерді айтып, әріптестерін алдағы уақытта аталған кемшіліктерді қайталамауға шақырды.
Екінші мәселе – «Әлеуметтік әріптестік жөніндегі екі жақты Ұжымдық шарттың орындалу барысы мен алға қойған мақсат-міндеттері туралы» білім бөлімінің басшысы Мәжит Айжанов баяндама жасады. Мәжит Мамытұлы Елбасының жаңа Жолдауындағы білім саласына жүктелген міндеттер туралы баяндай келіп, мектеп директорларын жұмысты дұрыс ұйымдастыра білуге, жұмыстың орындалуын уақтылы бақылауға және өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарауларын баса айтты. Баяндамашылардан кейін жарыссөзге Т.Тастандиев атындағы орта мектептің директоры Гүлнар Жорабекова, «Аягүл» балабақшасының меңгерушісі Гауһар Махамбетова, Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның бастауыш кәсіподақ ұйымының жетекшісі Балзия Қожахметова шығып, өз ұжымдарындағы жағдайлардан хабардар етті. Қорытынды сөз «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрағасының орынбасары Ерұлан Мағзымбековке берілді. Ерұлан Сәбенұлы кәсіподақ ұйымының қоғамдағы рөлі мен орны, ұстаздардың кәсіби мәртебесін, әлеуметтік жағдайын көтерудегі жұмысы туралы, сондай-ақ, ұстаздың мәртебесін көтеру – ұстаздың өз қолында екендігі жайлы, яғни, ұстаз нағыз ұстаз деген атқа лайық білімді, заман талабына сай білікті, жан-жақты болған жағдайда көтеріледі деген пікірін жеткізді.
Пленум соңында бір топ мектеп директорлары мен бастауыш кәсіподақ ұйымының жеткешілері марапатталды.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-