Ақтобе облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының 2018 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес облыстық білім қызметкерлері кәсіподағы Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі 2018 жылдың 2 наурыз күні өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде 4 сұрақ қаралды:
Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағындағы кәсіподақ мүшелерінің 2017 жылғы статистикалық есебінің қортындысы туралы, Қарғалы және Ырғыз аудандарындағы білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымдарының әлеуметтік әріптестікті дамыту және білім қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғаудағы жұмыстары туралы жәнеМәртөк аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кәсіподақ құрылымдарын нығайту, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру және қаржылық тәртіп жөніндегі жұмыстары туралы.
Мәжіліске аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшылары, барлығы 60 адам қатысты.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-