Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Ескелді аудандық және Текелі қалалық комитеттерінде кезектен тыс Пленум отырыстары өтті
26 ақпан күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық және Текелі қалалық комитеттерінің Пленум отырыстары өтті.
Пленумда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2018-2019 жылдарға арналған Жол картасын жүзеге асыруда білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Ескелді аудандық және Текелі қалалық комитеттерінің міндеттері қаралды.
Алқалы отырыс барысында Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының көшбасшысы Садық Әбдіқадыров Президент Жолдауының өзектілігіне тоқталып, маңызды құжаттың негізгі 10 басымдығы туралы, соның ішінде жетiншi тапсырма шеңберiнде білім беру саласына қатысты өзгерістер мен жаңашылдықтар туралы сөз тарқатты.
«Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының 2018-2019 жылдарға арналған«Жол картасын» жүзеге асыру аясында кәсіподақтар саласында да жаңғыру үдерісі толыққанды жүріп жатыр. Атап айтқанда, әлеуметтік әріптестік қағидаларын дамыту, кәсіподақтарды нығайту және біріктіру, олардың мәртебесін күшейту, БАҚ және әлеуметтік желілердің жұмысын жандандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау, кәсіподақ қызметкерлерін оқытуға ден қойылады. Сонымен қатар, кадрларды жасарту арқылы кәсіподақтар қатарын жаңғыртуға ерекше назар аударылуда. Бұл - бүгінгі күннің талабы», - деді өз сөзінде Садық Нұрсапаұлы.
Пленум отырысында білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Ескелді аудандық комитетінің төрайымы Айтолқын Нұрмұханқызы Байзақованың және Текелі қалалық комитетінің төрайымы Роза Бекболатқызы Малчабаеваның құрметті демалысқа шығуына байланысты жаңа төрағалар сайланады. Тиісінші атқару комитеттерінің мүшелері жаңа кандадатураларға бірауыздан дауыс берді.
Жиынға қала әкімдерінің орынбасарлары, білім бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары мен білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
Айта кететіні, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын жүзеге асыру аясында қаңтар айында Астанада ҚР Кәсіподақтар Федерациясы мен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бірлесіп ұйымдастыруымен «Кәсіподақтар: жаңару мен жаңғыру жолында» республикалық форумы өткен болатын.
Форумда Жолдауды жүзеге асыру және кәсіподақтардың қызметін түбегейлі реформалау мақсатында Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының 2018-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» қабылданған.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-