
Текелі қаласында«Бастауыш кәсіподақ ұйымы күні» өтті
Бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының атқарушылық және жеке жауапкершілігін көтеру, сондай-ақ кәсіподақ жиналыстарының рөлін жандандыру, кәсіподақ мүшелеріне қалалық комитеттің қызметі туралы кең ақпарат беру мақсатында16 ақпан күні Текелі қаласындағы № 4 балабақшасында «Бастауыш кәсіподақ ұйымының күні» өтті.
Шара барысында кәсіподақ мүшелері өздерін толғандырған сауалдарына жауап алды.Білікті көмек, тиісті кеңестер беріліп, заңнама нормалары түсіндірілді. Мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі бастауыш ұйымның төрайымы Индира Мұратқызына ұйымының құжаттарын рәсімдеу,іс-қағаздарын жүргізу, жұмысын жоспарлау бойынша әдістемеліккөмек көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіподақ жұмысынаұжымдағы жас мамандарды көбірек тарту, оларды оқыту керектігі айтылды.
«Бастауыш кәсіподақ ұйымының басты міндеті ұжымдағы қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Бұл заман талабы. Сол себептен әр айдың үшінші жұмасында бастауыш ұйымдарының жұмысымен танысып, ұйым төрағасына әдістемелік көмек көрсету, қоғамдық қабылдау өткізіп, сауалдарға жауап беру дәстүрге айналған», -дейді өз сөзінде қалалық комитеттің төрайымы Роза Малчабаева.
Білім және ғылым қызметкерлерікәсіподағы Талдықорған
аумақтықұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-