Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс конференциясы
Ағымдағы жылдың 19-ақпан күні «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Серікова, облыстық кәсіподақ ұйымының бас маманы, құқықтық еңбек инспекторы А.Алимпиев, облыстық кәсіподақ ұйымының жетекші маманы А.Серимбетов Қобда ауданында болып, Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының кезектен тыс конференциясына қатысты.
Конференциядан кейін, облыстық кәсіподақ ұйымының заңгері А.Алимпиев аудан мектептерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының көшбасшыларына еңбек заңдылықтары мен жеке еңбек дауларын шешу жөніндегі келісу комиссиялары туралы семинар өткізді.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова Қобда ауданының әкімі М.Шермағамбет, аудан әкімінің орынбасары Б.Куловпен,Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айжарықовпен кездесіп, аудандағы білім мекемелеріндегі қызметкерлердің жағдайлары туралы әңгімелесіп, білім қызметкерлеріне қатысты бірқатар сұрақтар қаралды.
Облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова Қобда аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Айжарықовпен бірге кәсіподақ мүшесінің өзекті сұрақтарымен жеке қабылдау өткізді.Сонымен қатар, облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы Р.Серікова, заңгері А.Алимпиев және жетекші маманы А.Серимбетов Қобда аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Ж.Жиеналинмен бірге бірқатар бастауыш кәсіподақ ұйымдарын аралап, еңбек заңдылықтарының орындалуына қоғамдық бақылау өткізіп, туындаған сұрақтарына жауаптар берді.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ.
-
Фотографии
-