Сәтті семинар өтті
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымы облыс ұстаздарының құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуді көздейтін бірегей ұйым ретінде үнемі тегін семинар-оқытулар өткізіп тұрады. Жуырда осыған сәйкес кәсіподақ төрағалары мен төрайымдары, мектеп басшылары және аудандық оқу бөлімінің жауапты бөлім басшылары қатысқан семинар өтті.
Мәжілісті «Қазақстандық салалық білім ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының» ҚБ төрағасы Қ.Қайненов кіріспе сөз сөйлеп ашып, семинардың мақсаты мен маңызына тоқталды. –Бүгінгі күні еңбек заңнамасын білу маңызды болып отыр, осыған сәйкес біздің ұйым тиісті дәрежеде семинарлар ұйымдастырып келеді. Өйткені кәсіподақ мүшелері арасында олардың құқықтық, оның ішінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері бойынша сауаттылығын арттыру, еңбек дауларында келіссөздер жүргізе алуды дамыту жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізуге міндеттіміз. Сонымен қатар, ҚР Еңбек кодексі 159-бабының 8- тармағына сәйкес келісу комиссиясының тараптары келісу комиссиясының мүшелерін ҚР еңбек заңнамасының негіздеріне, келіссөздер жүргізу машығын дамытуға және еңбек дауларында консенсусқа жетуге жыл сайын оқытуды жүргізуіміз керек. Барлығымыз да осы семинар жұмысына белсене қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарыңызды берсеңіздер деген ұсынысым бар. Іске сәт»,–деді.
Семинардың күн тәртібіне байланысты ҚР Еңбек кодексі туралы баяндаманы мультимедиялық қондырғы көмегімен слайдтар көрсету арқылы қоғамдық бірлестіктің бас маманы, заңгер Айбусынова Юлия Амангелдіқызы жасады. Заңгер «ҚР Білім және ғылым министрінің 14.06. 2010 ж. № 302 «Білім ұйымдары мен ғылыми ұйымдардың қызметкерлеріне мамандық бойынша жұмыс есептеу Ережесін бекіту туралы» бұйрығы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ-де кадрлық жекелеген құжаттарды рәсімдеу және сайланбалы қызметкерлерімен еңбек шарттарды жасау ерекшеліктері туралы» нұсқаулығымен таныстырды.
Баяндамашы былай деді: «Баршаға мәлім, ҚР еңбек кодексінің 63- бабына сәйкес еңбек тәртіптемесінің қағидаларын жұмыс беруші бекітеді. Еңбек тәртіптемесінің қағидаларында жұмыскерлердің жұмыс уақыты мен тынығу уақыты, еңбек тәртібін қамтамасыз ету жағдайлары, еңбек қатынастарын реттеудің өзге де мәселелері белгіленеді. Осыған байланысты Атырау облысы Білім беру басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының» ҚБ арасында әлеуметтік әріптестік туралы Келісімнің 1.16 мен 2.12 тармақтарына сәйкес ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері қызметкерлер өкілдерінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс және жұмыс беруші немесе оның уәкілетті өкіл жұмысшысымен еңбек шартын жасағанда оны Ұжымдық шартпен, мекеме Жарғысымен (Ережемен), ішкі еңбек тәртібі ережелерімен және мекемеде қолданылатын өзге де локальды нормативтік актілермен жазбаша түрде таныстыруға міндетті. Ал осы кодекстің 64-66 баптарына сәйкес «Тәртіптік жаза қолдану тәртібіне» келетін болсақ, жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін, ескерту, сөгіс, қатаң сөіс, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу түріндегі тәртіптік жаза қолдануға құқылы. Жұмыс беруші тәртіптік жазаны қолдануға дейін қызметкерден жазбаша түсініктеме талап етуге міндетті». Бұдан әрі тәртіптік жазаны қолданудың заңдылығы мен реттілігіне кеңірек тоқталды.
Еңбек адамының толық қанды жұмыс жасауы үшін жұмыс уақыты негізгі рөл атақарады. Жұмыс уақыты – жұмыскер берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ ҚР Еңбек кодексі мен ҚР өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытан жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері болып табылады. Заңгер Ю.А. Айбусынова өз сөзінде жұмыс уақыты, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы, толық емес жұмыс уақытана, жұмыс уақыты режиміне, аусымдық жұмыс, үстеме жұмыс түрлеріне кеңінен тоқталып: «Атырау облысы Білім беру басқармасы мен «Қазақстандық салалық білім ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Атырау облыстық ұйымының» ҚБ арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы Келісімінің 5 тарауында жұмыс уақыты туралы ережелер көрсетілген. Мысалы, сабақ кестесі мұғалімнің жұмыс уақытын, сабақтар арсында үзілістерге жол бермейтіндей, ұтымды пайдалануы ескеріледі. Жалпы оқу жүктемесі 1 ставкадан аспайтын педагогикалық қызметкерлерге әдістемелік жұмыс пен біліктілік арттыру үшін, мүмкіндігінше, аптасына 1 бос күн беру көзделеді. Әдістемелік күн беру туралы шешім Жұмыс берушінің бұйрығымен рәсімделеді».
Заңгердің қызықтырған әңгімесі көптің көкейінде жүрген сұрақтардың бірі жүкті әйелдерге, бала туған әйелдерге, жаңа туған баланы асырап алған адамдарға баланың туылуына байланысты берілетін демалыстар туралы. Осы мәселе төңірегінде тыңдаушылар тарапынан болған сұрақтарға олардың барлығы да тұшымды жауаптар ала білді.
Семинар жұмысының соңында тыңдаушылар атынан Махамбет ауданы Қосарал орта мектебінің директоры Олжағалиев осы басқосуды ұйымдастырушыларға арнап ыстық-ықылысқа толы сөзін арнады. Өз кезегінде семинар жұмысын қорытындылаған қоғамдық бірлестіктің төрағасы Қ.Қайненов бұл ізгі дәстүрдің жалғасын табатынына сенім білдірді.
Қылышбай ҚҰЛЖАНОВ,Атырау қаласы
-
Фотографии
-