
Мақсат ортақ – қоғамдағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу
Егемендігімізді сақтап қалу үшін қуатты экономика, мықты қорғаныс, қоғамдық келісімнің мәні зор.Бұл орайда кәсіподақтың да алар орны ерекше. Өйткені, кәсіподақтың бәрінен бұрын құқық қорғау ұйымы екенін ұмытпаған жөн. Кәсіпорындардағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге әрбір ұйым белсендісі өз үлесін қосуы тиіс.
Осы мақсатты ұстанған білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Ескелді аудандық комитеті желілік кесте аясында Мичурин атындағы орталау және Қаратал орта мектептерінің педагогтарын аттестаттау барысына тексеру жүргізді. Мектепішілік аттестаттауға дайындық жұмысы жоспарға сай жүргізілуде. Мысалы, Қаратал орта мектебінде биылғы оқу жылында аттестаттаудан өтуге 15 мұғалімнің, Мичурин орталау мектебінде 4 мұғалімің өтініштері қаралған. Аттестациялық комиссия құрылғаны, бекітілген бұйрық негізінде аттестаттау қағидаттары мен ережелері негізінде ұстаздардың кәсібилік деңгейі және педагогикалық қызметінің нәтижелері кешенді бағаланып, талданғаны анықталды.
2018 жылдың ақпан айына арналған жоспарына сәйкес 15 ақпан күні аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы А.Байзақова мен аудандық техникалық инспектор Р.Абдуллин Екпінді бастауыш мектебі және «Балдырған» балабақшасындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында еңбек шарттарының орындалу барысына қоғамдық бақылау жүргізіп, өндірістік кеңестің жұмысымен танысып, әдістемелік көмек көрсетті. Инспектор техника қауіпсіздік журналдарын жаңалауды ұсынып, үлгілерін қалдырды.
Ал 16 ақпан күні Ескелді аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитеті арасында 2018-2020 жылдарға арналған екіжақты келісім қабылданды. Тараптар әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытуға қол жеткізуге келісті және алған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуге міндеттенді. Әлеуметтік әріптестік комиссиясы 6 адамнан құрылып, іс-шаралар жоспары бекітілді. Азаматтық қызметшілерді тегін медициналық тексеруден өткізу үшін бюджеттен 3 млн. теңге бөлінуін қамтамасыз ету, коммуналдық шығындарды өтеу үшін жыл сайын бөлінетін әлеуметтік көмек мөлшерін арттыру сияқты өзекті сұрақтар басты назарға алынатын болды.
Білім және ғылым қызметкерлерікәсіподағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-