Ауған соғысы ардагерлерімен өткен келелі кездесу
Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық комитетінің ұйымдастыруымен «Ерліктеріңіз ел есінде» атты тақырыпта кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 29 жыл толуына орай кездесу өтті.
Үшарал орта мектебінде өткен кездесуге аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков, педагогикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Молот Солтанаев, мектеп директоры Құрманғали Буканов, Ауған соғысының ардагерлері мен еңбек ұжымы қатысты.
Шараның мақсаты- оқушыларға Ауған соғысының болу себептерін түсіндіру, соғысқа қатысқан аға буын өкілдеріменәңгімелесу арқылы жас ұрпаққа патриоттықтәрбие беру.
Жиын барысында Үшарал орта мектебінің директоры Құрманғали Айтақынұлы сұрапыл соғыс жайында баяндама жасады.Қазіргі уақыттаелді мекенінде тұратын сегіз Ауған соғысының ардагерлерінің елдің өркендеуіне өз үлестерін қосып, ауылдың қоғамдық өміріне белсене қатысатындығын тілге тиек етті.
Сөз алған Бекбол Алпысбаев, Омаш Ажақов пен Бақыт Әбділдаев сынды ардагерлер майдандас достары туралы әңгімелерінде 18-19 жасар боздақтардың жазықсыздан-жазықсыз қыршынынан қиылғандарына тоқталып, сол кездегі қиын сәттерді естеріне түсіріп, естеліктерімен бөлісті.
Мектеп оқушыларыАуған соғысының ардагерлеріне өздерінің сұрақтарын қойып, артынша жауынгерлердің ұрыс алаңындағы әрекеттерін сахналап, әскери әндер шырқады. СоңыраАуған соғысы туралы бейнефильм көрсетілді.
Ал Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Мақытбек Әділұлы арада қанша жылдар өтседе соғыстың зардабы елдің есінде екендігін және ерлікпен қаза тапқан әрбір азамат тарих төрінен орын алатынын айтып, еліміздің тыныштығы мәңгілік болуын тілеп, шараны қорытындылады.
Осындай шаралар аудандық, қалалық кәсіподақ комитеттерінің тікелей ұйымдастыруымен және атсалысуымен Кербұлақ, Қаратал аудандарында да өтті.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-