
Күршім аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы төрағасының есебі
Үстіміздегі жылдың 15-ақпанында Күршім ауданы Жаңаауыл ауылында аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымы Комитетінің кеңейтілген көшпелі отырысы болды. Комитетке барлық мектеп басшылары мен кәсіподақ комитетінің төрағалары шақырылды. Көшпелі отырыс аудан әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаевтың, аудандық білім бөлімінің басшысы Б. Елеубаевтың қатысуымен өтті.
Күн тәртібіндегі сұрақтар: 2015-2017 жылдарға арналған 2 жақты Келісімның орындалуы және аудандық кәсіподақ ұйымының 2017 жылғы атқарған жұмысы туралы есебі. Комитет отырысы барысында сөз сөйлеген Қ. Әзімбаев білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының өз мүшелерінің мүдделерін қорғап, кез-келген мәселе бойынша білім беру мекемелерінің ұжымы мен мекеме басшылығы арасында ашық диалогтың жүруіне мүмкіндік туғызып отырғанын айтты. Ал Б. Елеубаев аудандық білім бөлімі мен аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының арасындағы қарым-қатынас 2015-2017 жылдарға жасалған екі жақты келісім шарт тараптары қатаң сақтау негізінде жүзеге асып келгенін тілге тиек етті. Атап айтқанда мұғалімдердің жаңа оқу жылы қарсаңында дәрігерлік тексерістен тегін өтетінін, отын сатып алуына және коммуналдық қызмет шығындарын жабуға Келісімде көрсетілген деңгейде төленіп отырғанын және ауданға келген жас мамандарға көтермелеу жәрдемақылары мен бюджеттік несиелер арқылы қолдау көрсетілгенін, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелерінің сауықтыру шараларын тиімді ұйымдастырылуын атап өтті. Ауданда өткен іс-шаралар мен пәндік олимпиадада жеткен жетістіктерге жеке-жеке тоқталып, ұстаздар қауымын жетістіктерімен құттықтады. Биылғы оқу жылында алда тұрған жұмыстар мен міндеттерге тоқталды.
Аталған Келісімнің мерзімі 2018-2020 жылдарға арналған жаңа Келісім қабылданға дейін ұзартылды.Аудандық білім беру қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Ә. Қосамбеков өткен жыл көлемінде ауданда кәсіподақ ұйымы тарапынан атқарылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алда тұрған міндеттерді айқындады.
Кәсіподақ белсенділері аудан басшылығына көкейтесті сұрақтарын қойып, оларға толық жауап ала алды.
Мукушева Г.А.,аудандық кәсіподақ Атқару комитетінің мүшесі
-
Фотографии
-