«Жолдау жолымен білім биігіне!» үгіт – насихат бригадалар байқауы өтті
«Жолдау жолымен білім биігіне» тақырыбындағы үгіт-насихат бригадалар байқауы білім қызметкерлері арасында аймақтық және аудандық ақтық (финал) байқауы өтті. Байқаудың мақсаты «Төртінші өнеркәсіптік революця жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» - атты Елбасының жолдауын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын білім қызметкерлері арасынан кеңінен насихаттау. Жолдауда көрсетілген 10 басым бағытына баса назар аударып, жалпы білім беру саласына және білім ұйымдарына жасалып жатқан жағымды жаңалықтарды насихаттау, дәріптеу. Мектептердегі белсенді жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, оған тың серпін қосу. Кәсіподақ ұйымының белсенді көзқарасын, бағытын айқындау.
Сайысқа қатысушылардың іріктеу тәртібі, аймақтық байқауға әр мектептен бір команда қатысады. Олардың арасында жарыс өтіп, аудандық ақтық байқауға аймақтық жарыстың жеңімпаз командалары шығады. Сайыстың басты шарттарының бірі үгіт-насихат бригадасының құрамы-12 адамнан аспауы. Топ құрамының бірдей киінуі, көрсетілім (өнер) уақыты 15 минуттан аспауы сияқты нақты арнайы шарттары болды. Аймақтық байқауда командаларды бағалайтын әділ-қазылар мүшесі тағайындалды. Әділ- қазылар мүшесінде Айдаров Серік – Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы, Ибраев Мұхтар – Қармақшы жастар ресурстар орталығының директоры, аудандық мәслихат депутаты, Алпысбаева Жадыра – Оқушылар үйінің би үйірмесінің жетекшісі, Бағатов Мұхамбетқали – Қармақшы аудандық мәдениет үйінің мәдени-демалыс көркем бөлімінің көркемдік жетекшісі, әрі әуезқой-композитор және №21 «Тоғжан» ясли-бақшасының музыка жетекшісі, «Жас қанат» жастар кеңесінің мүшесі Төлебаева Гауһар.
Аймақтық байқау 10.02.2018ж «Үшінші интернационал» ауылынан бастау алды. Байқауда 4 топ сайысқа түсті. Атап айтсақ бірініші Төребай би ауылының №199 мектептің «Шың» тобы, Дүр Оңғар ауылының №106 мектептің «Ұлағат» тобы, «Иіркөл» ауылының №108 мектептің «Руханият» тобы, соңғы топ №107 мектептің «Ынтымақ» тобы өнер көрсетті. 4 топтың ішінде ерекше атап өтетін топтардың бірі – «Ұлағат тобы». Ұлағат тобы «Мен қазақпын» әніне арнайы сөз шығарып, ән арқылы жеткізсе, мектеп ұстаздары Тұрабаева Ақмарал, Алиякбарова Алмагүл жолдауға байланысты арнайы өлең жолдарымен монолог оқыды. Халық әні «Дударай» әнін айтып, барлық ұстаздар шаңырақ астында мектептерінің уығы бекем екендігін, керегесі кең, шаңырағы шаттыққа толы болсын деген ниетпен өнерлерін тәмамдады. 4 топтың арасында әділ-қазылардың көңілінен шыққан, аймақтық байқаудың жеңімпазы №106 мектептің «Ұлағат» тобы аудандық байқауда өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.
Екінші аймақтық байқау Тұрмағанбет ауылында жалғасын тапты. Байқауда 4 топ өнер көрсетті. Атап айтсақ Алдашбай ахун ауылының №111 мектеп ұстаздарынан құралған «Насихат» тобы, Тұрмағанбет ауылы №29 мектептің «Рухты жастар» тобы, Қуандария ауылы №186 мектеп «Жас алаң» тобы, Жаңа қала №185 мектептің «Болашақ» тобы. Ақжар ауылы №28 мектеп «Жасампаз жастар» тобы болды. Әр топта ерекше өнер көрсетті. Соның ішінде суырылып алға шыққан «Рухты жастар» және «Болашақ» тобы. Топ арнайы көрініс арқылы, атасының немересіне ақыл бере отырып, жолдаудың 10 бағытын насихаттаса, «Болашақ» тобы әндерімен, билерімен көзге түсіп аудандық жарысқа жолдама алды.
Үшінші аймақтық байқау 13.02.2018 жылы орталықтағы Тәйімбет Көмекбаев атындағы атындағы №250 мектеп-лицейде жалғасын тапты. Байқауда 9 мектеп қатысып өз бақтарын сынады. Алғашқы болып №79 мектеп «NURLY QYZYLTAM» тобы, №183 мектеп «Smart teachers» тобы, №109 мектеп «Самғау» тобы, «Жас толқын» тобы, №113 мектеп «Киелі Қармақшы» тобы, №250 мектеп-лицей «Жастар kz» тобы, №27 мектеп , №121 мектеп «Zhi gerli zhastar», №30 мектеп «Бейімді бәсекелес» тобы. Барлық топтар жақсы деңгейде дайындықта келді. Соның ішінде әділ-қазылардың жоғарғы бағасымен аудандық байқауға жолдама алған №79 мектептің «NURLY QYZYLTAM» тобы және №183 мектеп «Smart teachers» топтары болды. «NURLY QYZYLTAM» тобы «Мен қазақпын» әніне сөз шығарып өз топтарын таныстырса, өз ойларын паташылық ертегісі арқылы рухани жаңғырудың 10 бағытын айқын көрсетті. «Smart teachers» тобы «Біз мықтымыз, ақылдымыз, біз дайынбыз бастауға ұранымен» бастаса, «Ақылды қалаға саяхат» атты музыкалық көрінісі арқылы 10 бағытты әділ-қазыларға толықтай жеткізе білді.
Төртінші аймақтық байқау 13-ақпан күні Төретам ауданы Ақай ауылының клубында үгит-насихат бригадасы жалғасын тапты. Байқауға Төретам, Ақай, Байқоңыр қалаларынан 10 мектеп сайысқа түсті. Атап айтсақ №80 мектеп-гимназиясының «Рухани times» тобы, №275 мектеп «Super Кәсіподақ» тобы, №279 мектеп «Руханият» тобы, №277 мектеп ұстаздары, №99 мектеп «Алаш жастары» тобы, №85 мектеп ұстаздары, №273 «Атамекен» тобы, 272 «Руханият» тобы, №269 «Жалынды жастар» топтары өз жеребелері бойынша кезектерімен өнер көрсетті. Жоғарғы деңгейдегі дайындықпен келіп, жоғарғы баға алған топтар аудандық ақтық байқауда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. 10 мектептің арасында нақты рухани жаңғыудың 10 бағытын көрініс, би, ән арқылы толығымен жеткізіпжәне ерекше форма үлгілерімен, әділ-қазылардың жоғарғы бағасын алған, №279» Руханият» тобы, №80 мектеп-гимназия «Рухани times» тобы, 272 «Руханият» топтары аудандық ақтық байқауға жолдама алды.
Аудандық ақтық (финал) 17-ақпан күні Шамшат Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінде өз мәресіне жетті. Байқауда 4 аймақтан аудандық байқауға өткен 8 мектептің топтары қатысты. Барлық мектеп ұстаздары өз мектептерінің абыройын қорғап, белсенділік танытып, өте жақсы деңгейде байқауды алып шықты. Ақтық финалда 8 топқа әділ баға берген әділ-қазыларда байқау соңында өз шешімдерін айтты. Әділ-қазылардың шешімдері бойынша №29 мектептің «Рухты жастар» тобы «Ең үздік әуенді ұжым», №79 мектеп «Нұрлы қызылтам» тобы «Үздік өнерлі топ», №80 мектеп «Рухани times» тобы «Үздік насихаттаушы», №106 мектеп «Ұлағат» тобы «Үздік ұйымшыл топ», №183 мектеп «Smart teachers» тобы «Жаңалықтың жаршысы», №185 мектеп «Болашақ» тобы «Үздік сценарий», №272 мектеп «Руханият» тобы «Үздік PR топ» номинацияларымен марапатталса, жоғарғы баға алған №279 мектептің «Руханият» тобы «Ең үздік үгіт бригада» атанып жеңіске жетті. Бұл топ алдағы уақытта аудан атынан облыстық үгіт-насихат бригадалар байқауында бақтарын сынап, өз өнерлерін көрсететін болады.
Барлық қатысушы командалар дипломмен марапатталып, әр қатысушы ұстаздарға аудандық кәсіподақ комитетінің сыйлығы табысталды.
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы
«Жас қанат» жастар кеңесінің мүшесі Төлебаева Гауһар
-
Фотографии
-