«Жолдау жолымен білім биігіне!» тақырыбында Қызылорда облысы Қармақшы ауданында үгіт-насихат бригадалар аймақтық байқауы өтті
Қармақшы аудандық білім бөлімі мен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен, облыстық кәсіподақ комитетінің 19.01.2018 жылғы № 04 қаулысына сәйкес білім қызметкерлері арасында «Жолдау жолымен білім биігіне!» тақырыбында үгіт-насихат бригадалар І – аймақтық байқауы 2018 жылдың 10 ақпан күні ІІІ-Интернационал ауылында сағат 11.00-де өтті. Аймақтық байқауға №199, №106, №107, №108, №109 орта мектептердің үгіт-насихат бригада топтары қатысты. Осы мектептердің ішінде №106 орта мектептің «Ұлағат» үгіт-насихат бригада тобы аудандық байқауға жолдама алды.
ІІ – аймақтық үгіт-насихат бригадалар байқауы 2018 жылдың 10 ақпан күні Тұрмағамбет ауылында сағат 15.00-де өткізілді. Аймақтық байқауға №28, №29, №111, №186, №185 орта мектептердің үгіт-насихат бригада топтары қатысып, аудандық байқауға № 29 орта мектептің «Рухты жастар» үгіт-насихат бригада тобы мен № 185 орта мектептің «Болашақ» үгіт-насихат бригада тобы жолдама алды.
ІІІ – аймақтық үгіт-насихат бригадалар байқауы 2018 жылдың 13 ақпан күні Жосалы кенті №250 мектеп-лицей базасында сағат 14.00-де өткізілді. Аймақтық байқауға №26, №27, №30, №105, №121, №183, №250, №113, №79, №109 мектептердің үгіт-насихат бригада топтары қатыстырылып, бұл аймақтан аудандық байқауға №183 орта мектептің ST «Smart teacher»және №79 негізгі мектептің «Нұрлы Қызылтам» үгіт-насихат бригада топтары жолдама алды.
Г.Серікбаева
-
Фотографии
-