.jpg)
«Жыл директоры» сайысы
Ақтөбе облысы Шалқар аудандық білім бөлімі және Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ең үздік директорды анықтау мақсатында «Жыл директоры» атты сайыс өткізілді.
Сайысқа Шалқар ауданының білім бөліміне қарасты 12 білім беру ұйымдарының қатысуға сұраныс берген директорлары қатысты.
Сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
Аудандық кәсіподақ ұйымының атынан Бас жүлде иегеріне шипажайға 100%-дық жеңілдікпен жолдама табысталса, І орын жеңімпазына 50% жеңілдікпен шипажайға жолдама тапсырылды. Сайыстың қалған жүлдегерлері мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облысы,Шалқар аудандық білім бөлімібастауыш
кәсіподақ ұйымының төрайымыАманбаева Жанар Карасаевна
-
Фотографии
-