
«Педагогикалық шеберлік – үйрену, ізденудің нәтижесі»
«Педагогикалық шеберлік – үйрену, ізденудің нәтижесі»
Табысты мектеп – ел болашағының кепілі
2018 жылдың 09 ақпанында «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесімен «Сәтбаев қаласыныңбілім қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымының» қатысуымен«Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Педагогикалық шеберлік – үйрену, ізденудің нәтижесі» тақырыбында қалалық Шығармашылық күн өтті.
Шығармашылық күннің мақсаты: Педагогикалық іс-тәжірибемен бөлісу». Мектепте жұмыс істейтін 8 пәндер кафедрасы Шығармашылық күнге келген қонақтар мен қала мұғалімдерін өздерінің көрмелерімен таныстырды.
Шығармашылық күннің бірінші бағыты «Рухани жаңғыру – жаңа биіктердің бастауы» деп аталды. Іс-шараның басты мақсаты: Рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды ұлықтау. Бұл іс-шараға директордың тәрбие ісінің орынбасарлары А.С.Абдигожина., Г.Ж.Достияр; музыка мұғалімі Г.Ж.Кульназарова, бастауыш сынып мұғалімдері У.С.Турежанова., Р.С.Тукаева; бастауыш сыныптың ата-аналары, жоғары сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері бір кісідей ат салысты.
«Тағылымы мол білім мен ой-сана серпілісі» тақырыбында өткен іс-шараның екінші бағытында 5 іс-шара қонақтарға ұсынылды. «Басқаға білім беру – өте маңызды мамандық» мұғалім мамандығының «портреті» спитч-клубының мақсаты: жоғары сынып оқушыларының кәсіби тұрғыдан өзін-өзі анықтауға жағдай жасау. Р.Н.Есмаганбетова., Л.А.Каменева., О.П.Наймушина., Г.С.Онгарбаева ұйымдастырған спитч-клубқа қаламыздың құрметті қонақтары қала әкімнің орынбасары Толендина Айгуль Космановна, Сәтбаев қаласы мәслихатының хатшысы Хмилярчук Татьяна Ивановна, «Сәтбаев қаласыныңбілім қызметкерлері кәсіптік одағы ұйымының» төрағасы ИльясоваГульнар Жумабековна, «Сәтбаев қаласыныңбілім бөлімінің» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Беткер Ирина Михайловна, Сәтбаевқаласының білім бөлімінің инспекторы, бас маман, жоғары санатты мұғалімБапанова Сауле Ермековна, Сәтбаев қаласының №3 орта мектебінің директоры, жоғары санатты мұғалім Байбекова Мереке Бабыровна, №12 орта мектебінің директоры, жоғары санатты мұғалім Ильясова Рысты Есетовна, «Сәтбаев қаласының №1 мектеп-гимназиясы» КММ ҚР Білім беру ісінің Үздігі, Ы.Алтынсарин атындағы Төс Белгінің иегері, жоғары санатты ұлағатты ұстаз Сагинтаева Сания Жумадиловна қатысты.
Кульназарова Гульнарға кәсіподақ төраға ретіндегі жұмысы ерекше аталып өтті. Ол өзінің денсаулығына байлынысты ол өзінің міндетін жас әріптесіне тапсырды. Қалалық кәсіподақ кеңесінің төрағасы Ильясова Гульнар Кульназарова Гульнарға кәсіподақ қозғалысына қосқан енбегі үшін алғыс хат пен бағалы сыйлық берді.
Іс-шараның басты тағылымы мектеп түлектерінің белсенді азаматтық ұстанымы бар құрметті тұлға болуға, қазіргі социумда өз бетінше конструктивтік шешім қабылдауға қабілетті және еркін бағдарлай алуға көмек беру болды. Ертеңгі күннің ерекшелігі, минералдық ресурстардың болуымен емес, тек адамның бәсекеге қабілеттілігі, ұлт факторы жетістігіне айналады.
Сондықтан кез-келген қазақстандық XXI ғасырдың қасиеттері: компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтыққа ие болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Даму қарқыны үдей түскен Қазақстанға, қазіргі заманауи білімді, қабілетті, сауатты шешім қабылдайтын және орындайтын мамандар қажет",-деп атап көрсетті.
Жекелеген адамдар балалық шағында өте жақсы ұстаздарды көргендіктен, соларға еліктеп педагогтарға айналады. Басқалары, керісінше ең үздік тәсілдерді оқыту және тәрбиелеуге болатынын дәлелдеу үшін мұғалімдерге айналады. Спитч-клубқа қатысқан жоғары сынып оқушылары мамандық таңдай отырып, қарқынды даму үстіндегі әлемде өмір сүріп отырғандарын ұғынды. Олар қонаққа келген мұғалімдерді эталон ретінде бағалап, көшбасшы ұстаздардан өздеріне өмірлік тәлім-тәрбие алды. Іс-шарада педагог мамандығының маңыздылы жоғары деңгейде насихатталып, мектеп түлектері «Адам жанының инженері – мұғалім» екенін түсінді.
Г.Б.Жакупова., Г.А.Абдуселимова., Г.Ә.Ержан., С.В.Иоцус., М.Р.Тлешова «Жастық шақпен сұхбат» брифингіне мектебіміздің өмірден орнын тапқан түлектері шақырылды. Түлектерге Т.К.Жанатаева., Л.М.Шавкун., Р.С.Тукаева Л.А.Максагина ардагер-ұстаздар балалық шақтан саяхат есебінде сабақтар өткізді. Брифингке қатысқан 2018 жылдың түлектері үлкен әсер алып, алынбайтын белес болмайтынын түсінді.
«Олимп шыңы» зияткерлік ойынын «Бастауыш сынып» пәндер кафедрасының мұғалімдері өткізді. Зияткерлік ойынға қонаққа келген мұғалімдерден командалар құрылып, математика, қазақ тілі, логика, дүниетану пәндерінен сайысқа түсті.
«Ажарлы, сұлу, ғажап тым, қыздары қандай қазақтың!» сырласу алаңын Г.Ж.Миркинова., М.Т.Ахметова., Т.Ж.Акмолдаева., Ф.О.Сыздыкова ұйымдастырды. Сырласу алаңына қатысқан мұғалімдер мен қыздар өздеріне керекті көп ақпарат алды.
«Кроссенс» креативті ойлауды дамытудың тәсілі шебер-сыныпты Е.В.Бутова мен Л.А.Чуева өткізді. Шебер-сынып жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысқан мұғалімдер теориямен танысып, практика жүзінде тапсырмалар орындады.
Қоғамның алтын арқауы да, алға апарар куат-күші де қазір ғылымға тәуелді. Кез- келген елдің бәсекеге қабілеттілігі оның ғылыми әлеуетімен өлшенеді. Осы орайда, «Сабақ беру – кәсіби шеберлік және жаңадан жаңаны табатын өнер» тақырыбындағы үшінші бағытта тәлімгер ұстаздар Елеусизова Кульзия, С.Б.Кенжегозина, М.Р.Тлешова, М.А.Бадекова, Ү.Б.Әшірова жас мамандармен әдістемелік сабақ көрсетті.
Барлық қонақтар мен еңбек ардагерлеріне алғыс хат пен естелік сыйлықтар қалалық кәсіподақ атынан берілді.
Шығармашылық күнде қаланың жаңалыққа жаны құштар мұғалімдердің басы қосылып, ой-пікірлерін ортаға салып, озық тәжірибемен бөлісу жүзеге асырылды.
Гульнар Ильясова
-
Фотографии
-