
Қабанбай аумақтық комитеті Байзерек негізгі орталау мектебінде дөңгелек үстел өткізді
Қабанбай аумақтық комитеті Байзерек негізгі орталау мектебінде «Жұмыс берушімен жұмысшылар арасындағы келісім шарттың орындалуы туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында сөз сөйлеген білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Қабанбай аумақтық комитетінің төрағасы Байсейіт Беков мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында аудандық кәсіподақ комитетінің 2018 жылға арналған міндеттеріне тоқталды. Сонымен қатар, бастауыш кəсіподақ ұйымының бірқатар өзекті мəселелері талқыланды. Атап айтқанда, кәсіподақтар қозғалысын нығайтып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысты жүргізіліп жатқан реформаларды сөзге тиек етті.
Соңында аудандық комитеттің төрағасы Байсейіт Ахметұлы құрамында 18 мүшесі барБайзерек негізгі орталау мектебіндегі бастауыш ұйымның жұмысымен танысып, ұйым төрайымыАйсұлу Қайрановаға, техникалық инспекторға әдістемелік көмек көрсетті. Ұжымдық келісім шарт жаңа Еңбек кодексі және ҚР«Білім туралы»Заңы негізінде 2016-2019жылдарға толықтырылып, жасалған. Мектептегі ұстаздардың еңбек етіп, оқушылардың білім алуына толық жағдай жасалған. Мұғалімдердінегізгі жұмыстарынан басқа мектептің тыс қосымша жұмыстарға мәжүбірлеп жіберу фактілері тіркелмеген.
Жиынға қатысушылар мазалап жүрген сұрақтарына жауап алып, сала қызметкерлерінің өзекті мәселелерін шешуде кәсіподақтың ролі зор екендігін жеткізіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі