
Бастауыш кәсіподақ ұйымының міндеті – кәсіподақ мүшелерінің сауаттылығын арттыру
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Талдықорған аумақтық ұйымы» қоғамдық бірлестігі 30 қаңтар күні Ескелді ауданының орталығы Қарабұлақ ауылында «Еңбек даулары және оларды шешу кезіндегі кәсіподақтың рөлі» тақырыбында семинар ұйымдастырды.
Еңбек даулары және оларды шешу кезіндегі кәсіподақтың рөлі, еңбек заңнамасын орындамағаны үшін жұмыс берушінің кейбір жауапкершілік мәселелерін білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ көшбасшыларына түсіндіру мақсатында өткен оқыту семинарына Талдықорған аумақтық ұйымының құқықтық жұмысы жөніндегі бас маманы Ә.Тұрдығұлов, Ескелді аудандық комитетінің төрайымы А.Байзақова, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, аудандық білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Семинар барысында Қарабұлақ кенті Н.Алдабергенов атындағы орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Роза Сағымбекқызы 2017 жылы орын алған еңбек даулары мен оларды шешу тәжірибесімен бөліссе, Жаңғызағаш орта мектебіндегі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Ақмарал Кәрібаева кәсіподақ мүшелері мен жұмыс беруші арасында орын алатын кейбір түсініспеушіліктерді реттеудің әдістеріне қатысушылардың назарын аударды.
Сондай ақ, Талдықорған аумақтық кәсіподақ ұйымының заңгері Ә.Тұрдығұлов «Еңбек даулары және оларды шешу кезіндегі кәсіподақтың рөлі» тақырынбына баяндама жасады. Баяндама барысында қатысушыларға заңнамаға сәйкес еңбек дауларының түрлері, оларды шешу мерзімі мен кезеңдері жайлы ақпарат беріліп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы түсіндірілді.
Баяндамадан кейін сұрақ-жауап, пікір алмасу кезеңі белсенді түрде өткізілді. Шараға 39 тыңдаушы қатысты.
Білім және ғылымқызметкерлері кәсіптік одағы
Талдықорған аумақтық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-