
ТІЛЕКТЕР ШЫРШАСЫ
«Тілектер шыршасы» - бұл сыйлықтарды жинайтын қарапайым бағдарлама емес, бұл акцияның мақсаты қайырымдылық ойынды дәріптеу және ең маңыздысы байыпты мәселелерге қоғамның назарын аударту.
Жаңа жыл қарсаңында ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тілектер шыршасы» акциясы мектеп басшылығымен жоспарланып, өткізілді. Жартылай жетім отбасынан 4 балаға және аз қамтылған отбасынан 2 балаға демеушілердің көмегімен оқушылардың ойларында жүрген сыйлықтары табыс етілді. Жеке кәсіпкерлер Н.Ералив пен Н.Исахметов, өнер мектебінің директоры Н.Ақбердиев, спорт мектебінің директоры Ғ.Қонарбаев, сондай-ақ, «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Б.Арипбаева өз бастамаларымен балаларға құшақ толы қуаныштар сыйлады.
А.ЖАКИПБЕКОВА,Ақкөл орта мектебінің әлеуметтік педагогы,ТАЛАС ауданы,ЖАМБЫЛ облысы
-
Фотографии
-