
«Үздік жас маман» байқауы
2018 жылдың қаңтар айының 10-ы күні қалалық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары арасында «Үздік жас маман» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан-жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
Жүргізушілер байқаудың ашылу салтанатын «Мұғалім-тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында», деген әдемі де әсерлі сөздерімен бастап, сөз кезегін «Ақтау қалалық мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту орталығы» КММ-нің маманы Раушан Сатиева сөз алып байқаудың ережесімен таныстыра келе, жас мамандарға сәттілік тіледі.
Одан әрі сайыс барысында әрбір жас маманның кәсіби біліктіліктері панорамалық сабақ пен шығармашылық тақырыптарын қорғау бөлімінде кеңінен көрінді, яғни білімділіктері, жаңа технология түрлері, тиімді әдіс-тәсілдер және шығармашылық тақырыптарын зерттеу барысында әр сабақ сайын ұштастырып орындауы қатысушылардың арасынан дараланып көрінген мамандар да болды.
Байқаудың ұтымды жағы қатысушы әрбір жас маман тәжірибе жинақтады, білім - біліктіліктерін шыңдады. Әрине, балабақша табалдырығын аттаған әрбір сәбиге адами құндылықты қалыптастыруда педагогтің еңбегі ерекше екені мәлім. Міне, осындай қызығы мен қиыны бірге жүретін маман иелерінің байқауының да қорытындысында жеіңімпаздар марапатталды.
Байқаудың соңғы бөлімінде жеңімпаздарды құттықтаулар мен марапаттаулар рәсімі жүргізілді. «Бас жүлде» жеңімпазы №58 «Балауса» балабақшасының жас маманы Ф. Шарауова, 1 орын жеңімпазы №24 балабақшасының жас маманы М. Щанина иемденді. Одан әрі «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің Ақтау қалалық филиалының төрайымы К.Енсегенова, бүгінгі байқау ережеге сай, өте жоғары деңгейде жүргізілгені, қатысушы 27 жас мамандардың еңбек жолының алғашқы сәттерінде байқауға үлкен дайындықпен келгендіктері, жауапкершілікте барынша әркім өз кәсіби біліктілігі мен шығармашылықтарын ұтымды, шебер қолдана білген маман иелері аталып өтті. Сонымен қатар барлық қатысушыларға алғысын жеткізе келе, кәсіби қызметтеріне жетістіктер тілей отырып, қалалық білім қызметкерлері кәсіптік ұйымы атынан ең шығармашыл 4 жас маман «Алғыс хатпен» және сыйақымен марапатталды.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымы
филиалының төрайымы Күнзира Енсегенова
-
Фотографии
-