
Маңғыстау облыстық Атқару комитетінің кезекті отырысы
Өткен жұмада Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымының Атқару комитетінің кезекті отырысы кәсіподақ төрайымы Тарбия Баймбетованың төрағалығымен өтті. Мәжіліске Атқару комитетінің мүшелері, Кәсіподақ филиалдары мен тікелей бағыныстағы құрылымдық бөлімше жетекшілері қатысты. Жиында бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауына тоқталды.
«Адами капитал-жаңғыру негізі» атты жетінші бөлімінде білім берудің жаңа сапасы жайында, білім беруде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажеттігі, жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мұғалімдердің лауазымдық жалақысын 30 дан 50 пайызға арттырумен қатар ұстаз беделін көтеру жөніндегі мәлімдемесі-үлкен қамқорлық екені атап айтылды.
«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің IV Пленумында қаралатын күн тәртібі туралы айтыла келе, облыстық кәсіподақ комитетінің ұқық қызметі бойынша бас маманы Наталья Храмова, Облыстың білім қызметкерлерінің уақытша жұмысқа жарамсыз кезінде әлеуметтік жәрдемақысының төленуін тексерудің қорытындысы туралы ақпарат берді.
Атқару комитеті сонымен бірге, 2018 жылға есеп беру – сайлау науқанын ұйымдастыру жұмыстары туралы мәселені де қарады. Филиалдардың төрағаларына есеп беру сайлаудың өткізу кесетесінжасақтау тапсырылды.
Жиын соңында ағымдағы мәселелер де қозғалып өтті.
«Қазақстандық салалық білім және ғылымқызметкерлері
кәсіптік одағыныңМаңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-