
Елбасы жолдауы - болашаққа бағыттайтын жарқын бағыт
САҒЫМБАЛА ТӨКЕНОВА,Білім және ғылым қызметкерлеріТалдықорған
аумақтық ұйымына қарастыКөксу аудандық комитетінің төрайымы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келе жатқанын атап өтті.
Жолдаудан жаңа технологиялық қалыпта біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түсіндік.
Ауылдық елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыратындығықуантады.
«Адами капитал – жаңғыру негізі»атты жетіншібөлімінде білім берудің жаңа сапасы жайында, барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екендігі айтылған. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қараймектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың бірыңғай стандарттарынпайдаланатын боламыз.
Жаңартылған білім бағдарламасы бойынша мұғалімдердің лауазымдық жалақысын 30 дан 50 пайызға арттырумен қатар ұстаз беделін көтеру жөніндегі мәлімдемесі – үлкен қамқорлықтың айқын дәлелі.
Адами капиталдың жаңа сапасы бағыты бойынша денсаулық сақтауда жаңа технологияларды қолдану медициналық қызмет сапасын жаңа әлемдік деңгейге көтеруді көздейді.
Биылғы жылы әлеуметтік төлемдерге арналған бюджет шығыны 12 пайызға артып, 4 триллион тенгеге жетпек. Сондай-ақ еңбек өтіліміне сәйкес негізгі зейнетақыны орта есеппен 1,8 ге арттыру жоспарлануда.
Сонымен қатар, Елбасы сандық технологиялардың тиімді мемлекеттік басқарудағы маңызына да ерекше тоқталды. Азаматтардың қажеттілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік қызметтердің сапасын көтеру басты назарға алынып, жергілікті өзін өзі басқару іске асырылатын болады.
Біз, Көксу аудандық көсіподақ ұйымының мүшелері, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бағытын қолдап, еліміздің болашағы – өскелең ұрпаққа заман талабына сай инновациялық технологияларды қолдана отырып, білім беру сапасын жоғарылатуды басты мақсатымыз деп санаймыз.