
«БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» ЖӘНЕ «ТУҒАН ЖЕР» АРНАЙЫ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОРАЛ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»және«Туған жер»арнайы жобасы аясында «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің Батыс Қазақстан облыстықұйымы» қоғамдық бірлестігіне қарасты Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастырумен 2017 жылдың желтоқсан айының 20-күні Орал қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайына саяхат ұйымдастырылды.
Кәсіподақ мүшелері мұражайдың негізігі қорымен, туған жердің тарихи тұлғаларымен танысты. Сонымен қатар, отансүйгіштікке, ізетілікке тәрбиелеу мақсатындағы бұл шарада қатысушылар өткен ғасырдағы адамдардың пайдаланған көненнің көзі болып табылатын заттармен, бұйымдармен танысып, мағлұмат алды.
Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ төрағасы Жарас Сағындықов және колледж директоры Бақытжан Құспаевқа кәсіподақ мүшелері Рухани жаңғыру жобасы негізіндегі осы шараның ұйымдастырылып өткізілгеніне алғыстарын білдірді.
Ақжайық аграрлық-техникалық колледжі
бастауыш кәсіподақ ұйымы.
-
Фотографии
-