Кәсіподақ ұйымы жылдық жұмысын қорытындылады
Өткен 2017 жылды қорытындылау мақсатында білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық кәсіподақ комитеті атқару комитетінің кезекті отырысын өткізді.
Күн тәртібінде аудан елді мекендеріндегі бірқатар білім беру мекемелері әкімшілігі мен асхана жалдаушылары арасындағы келісім шарттың орындалу барысы және Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің 2017 жылы атқарған жұмысы қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық атқару комитетінің мүшелері М.Медеуқұлов пен Е.Ыбрайымжанов Головацкий, Д.Рақышев атындағы және Нағарашы, Еңбекші, Дихан-Қайрат орта мектептері әкімшілігі мен асхана жалдаушылары арасындағы келісім шарттың орындалуы бойынша жүргізілген тексеру нәтижесімен таныстырып, оң бағаларын беріп, осындай тексерулерді келешекте де ұйымдастыру қажеттігін айтты.
Екінші мәселе бойынша сөз кезегін алған Панфилов аудандық атқару комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков қоғамдық бірлестіктің 2017 жылы атқарған жұмысына есеп берді. Білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымының тапсырмасына сәйкес аудандық кәсіподақ комитеті жанынан жастар және педагогикалық еңбек ардагерлері кеңестері құрылып, құрамы бектілігендігін жеткізді. Сондай-ақ, желілік кестеге сәйкес тамыз–желтоқсан айларында әртүрлі форматтағы жалпы саны 24 шара, оның ішінде 2 Пленум, атқару комитетінің 4 отырысы, кәсіподақ комитеті мен аудандық білім бөлімі арасындағы екі жақты әлеуметтік-әріптестік келісім комиссиясының 3 отырысы өткендігін баса айтты. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің қызметі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсетілген. Атап айтқанда, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының ресми сайтында -9 ақпарат, аудандық «Жаркент өңірі» газетінде -5 мақала, әлеуметтік желілерде-21 ақпарат жарық көргендігін баяндап берді.
Отырыс соңында атқару комитетінің мүшелері атқарылған жұмысқа оң баға беріп, алға қойған мақсаттарды айқындап, жұмыс жоспарын бекітті.
МАРЖАН ҚАЙРАТҚЫЗЫ,Білім және ғылым қызметкерлері
Панфилов аудандық кәсіподақкомитетінің маманы