Байқоңыр қала мектептерінің жас ұстаздары арасында «Рухани жаңғыру жаршысы – кәсіподақ жастары» атты үгіт бригада командаларының байқауы өтті
Байқаудың мақсаты -Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне байланысты жас ұстаздардың ерекше қабілеттерін, өнерлілігін, дарындылықтарын анықтау және қолдау көрсету. Сонымен қатар, кәсіподақ комитетінің рөлі мен орнын жас ұстаздар арасында насихаттау, жастарды кәсіподақ мүшелігіне және кәсіподақ жұмыстарына белсене қатыстыру.
Байқоңыр қаласының № 274 орта мектептің директоры А.Жиенбаев және аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Ж.Молдабаеваға сөз беріліп, ҚР Тәуелсіздік күнімен барша ұстаздарды құттықтап, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі.
Байқаудың І кезеңінде №274 орта мектептің психологы Жахан Даниа ұстаздарды бір-бірімен таныстырып, топтарының атаулары қандай мақсатта қойғаны жөнінде тренинг өткізумен басталды. №272 мектептің «The Жігерлі жас stars» тобы, №273 мектептің «Кәсіподақ жастары» тобы, №274 мектептің «Сұңқар» тобы, №275 мектептің «NATS» тобы, №277 мектептің «TOP TEAM» топтары топ аттарын қойып, жақсы деңгейде қорғап шықты. ІІ кезеңде барлық қатысушылар, яғни кәсіподақ жастары «Рухани жаңғыру» туралы өнерлерін, ән айту, би билеу, көрініс көрсету арқылы өз ойларын жеткізді.

Сонымен қатар, осы қатысушыларға баға беріп, әділ-қазы болған Қармақшы ауданы білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағасы, әрі № 105 мектеп-лицейінің мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.Байдрахманов, Жастар кеңесінің мүшелері №26 орта мектепттің математика пәні мұғалім К.Изкенов және № 30 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Н.Оңдашов байқауды сараптап, талдап, өз әділ бағаларын берді. Әділ-қазылар өз шешімдерін айтып, әр топқа жеке-жеке тоқталып, байқау қандай деңгейде өткені туралы, араларынан көзге түскен, жақсы өнер көрсеткен мұғалімдерді атап өтті. Нәтижесінде «Алғыс» алған №273 мектептің «Кәсіподақ жастары» тобы мен №272 мектептің «The Жігерлі жас stars» тобы. Ал ІІІ орынды №274 мектептің «Сұңқар» тобы, ІІ орынды №277 мектептің «TOP TEAM» тобы және І орынды №275 мектептің «NATS» тобы иеленді. Барлық топтарға марапаттау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Байқау барысында № 274 орта мектептің оқушылары өз өнерлерін ортаға салды. Іс-шара соңында Қармақшы ауданының Жастар кеңесінің мүшелері ҚР Тәуелсіздік күніне арнаған әндерін шырқады.
Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық Жастар кеңесінің мүшесі,
№ 21 «Тоғжан» ясли-бақшасының әуез жетекшісі Төлебаева Гауһар
№ 21 «Тоғжан» ясли-бақшасының әуез жетекшісі Төлебаева Гауһар
-
Фотографии
-