
Алматы қалалық спартакиада
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні — тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егемендіел болған күні. 1991 жылы 16 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңы қабылданды. Қазақстан бүкіл әлем мойындаған, заңды түрде рәсімделген тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болды. Бұл - орындалған арман мен үміттің нәтижесі.
16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.Осыған байланысты, «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы 16 желтоксан күні Бостандық ауданының №146 мептеп-лицейінде білім беру мекемелері қызметкерлері арасында волейбол, үстел теннисі және шахмат ойындары бойынша қалалық спартакиада өткізді.
16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.Осыған байланысты, «Ұстаз» Алматы қалалық жергілікті кәсіптік одағы 16 желтоксан күні Бостандық ауданының №146 мептеп-лицейінде білім беру мекемелері қызметкерлері арасында волейбол, үстел теннисі және шахмат ойындары бойынша қалалық спартакиада өткізді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесін атап өтумен, сонымен қатар, сала қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау, еңбек ұжымдарының бірлігі, дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамыту, еңбекке қабілеттілікті арттыру мен кәсіподақ мүшелерін бұқаралық спортқа баулу болып табылады.
Спартакиадаға Алматы қаласының 8 ауданынан жоғарыда аталған спорт түрлерінен 1 командадан қатысты.
Әйтсе де бәйге болған соң топты жарып келетін жеңімпаздары да болады. Қарқынды ойындар барысында, тәуелсіз және құзыретті төрешілердің шешімдерімен келесідей жеңімпаздар анықталды:
Волейбол бойынша
І орын Бостандық ауданының командасы;
ІІ орын Алатау ауданының командасы;
ІІІ орын Әуезов ауданының командасы.
ІІ орын Алатау ауданының командасы;
ІІІ орын Әуезов ауданының командасы.
Үстел теннисі бойынша
І орын Алмалы ауданының командасы;
ІІ орын Бостандық ауданының командасы;
ІІІ орын Алатау ауданының командасы.
ІІ орын Бостандық ауданының командасы;
ІІІ орын Алатау ауданының командасы.
Шахмат бойынша
І орын Алмалы ауданының командасы;
ІІ орын Бостандық ауданының командасы;
ІІІ орын Әуезов ауданының командасы.
ІІ орын Бостандық ауданының командасы;
ІІІ орын Әуезов ауданының командасы.
Жалпы командалық есепте
І орын Бостандық ауданы;
ІІ орын Алмалы ауданы;
ІІІ орын Алатау ауданы.
ІІ орын Алмалы ауданы;
ІІІ орын Алатау ауданы.
Жеңімпаз командалар арнайы кубоктармен, ал жүлдегер командалар құнды сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және медальдармен марапатталды. Үздік деп танылған ойыншылар ерекшеліктеріне сай белгіленген дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.
Қалалық «Ұстаз» кәсіподағы жеңімпаздарды құттықтап шығармашылық табыстар тіледі. Арнайы келіп, әділ төрешілік жасаған қазылар алқасы мүшелеріне де үлкен алғысын білдірді.
Қатысушылар осындай үлкен іс-шараны ұйымдастырған «Ұстаз» кәсіподағына алғыстарын білдіріп, мейрамға айналған спартакиданы дәстүрлі етіп өткізіп отыру ұсыныстарын жеткізді.
«Ұстаз» Алматы қалалықжергілікті кәсіптік одағының төрағасы Қ.Т.Назарбетов
-
Фотографии
-