«Тәуелсіздік –тірегім»
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ ұжымы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, Тәуелсіздік күні қарсаңында желтоқсан құрбандарына арнап іс-шара өткізді. Шараны«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Индира Джумагалиева ашты.
Шараға облысымыздың білім саласының ардагер ұстазы Қойлыбай Қаражанов, облыстық білім басқармасының орынбасарлары Айжақсы Тұржанова, Гүлмира Мамаева, қалалық білім бөлімінің басшысы Светлана Төлебаева, Ақтау қалалық білім үйлестіру орталығының директоры Жаңагүл Үмбетова, «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Маңғыстау облыстық ұйымы қоғамдық бірлестігінің төрайымы - Тәрбия Бәймбетова және осы саланың маманы Асылтас Аманиязовалар қатысып, ұжым қызметкерлерін тәуелсіздік күнімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма алты жыл ішінде Қазақстан өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық, - деді шарада сөз алған қоғаммен байланыс және баспа жұмыстары жөніндегі бөлімнің бас маманы, Қуантқан Ванов.
Шараның соңы, Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ директоры Индира Таумышевна Джумагалиева, деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері Кибат Шайхатовна Бақтиярова төсбелгімен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерекесіне орай, кәсіподақ өміріне белсене қатысқан және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру саласындағы қызметкерлер Алтынай Адилгазиева, Марал Бимағамбетова, Жәмиға Нығмет, Гүлмира Жаналиева, кіші техникалық қызметкер Ягшилик Байкошкуловалар марапатталды.
«Өрлеу» БАҰО» АҚфилиалы Маңғыстау облысы
бойынша ПҚ БАИкәсіподақ төрайымы К. Бактиярова
-
Фотографии
-