Тәуелсіздік мерекесіне арналған шаралар
Егемен еліміздің төл мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Еліміз бүгінде әлем таныған өркениетті тәуелсіз мемлекет. Жыл сайын нығайып, көркейіп келе жатқан Отанымыздың болашағы жарқын, мақсаты айқын, Халқымыздың әлеуметтік жағдайы одан әрі жақсарып, еліміздің бейбіт саясатпен өмір сүретініне сеніміміз мол.
Бұл игі іске әріптестеріміздің де қосып келе жатырған үлестері аз емес. Облыстың білім және ғылым мекемелерінде Тәуелсіздік мерекесі аясында білім беру саласындағы елеулі үлесі және кәсіподақ өміріне белсене қатысудағы еңбегі үшін бір топ қызметкерлерге салтанатты марапаттау шаралары ұйымдастырылып өткізілді.
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіндегі шарада, білім беружүйесі мен ғылым саласындағы жетістіктері, болашақ мамандарды даярлауда жеткен табыстары үшін, Мұнай және газ факультеті, "Экология және химиялық технологиялар" кафедрасының профессоры - Кенжетаев Гусман Жардемұлы; «Педагогика және психология» кафедрасының доценті - Нурмухаметова Раушан Амирхановна; университеттің кітапханасының директоры - Абошева Гаухар Кубаисовна; «Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» арнайы пәндердің оқытушы - Смородинова Галина Ивановна; Ақтау қаласы №14 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімдері Сисембаева Аксырга Шамовна, Балова Леля Батимовна ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және «Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» ҚБ-нің «Құрмет грамотасы» -«Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі» директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Нұрханова Мира Мергенқызы, өндіріс шебері - Жарылғасова Айымгүл Нұрадинқызы марапатталды.
Марапаттарды «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы» ҚБ-нің төрайымы Баймбетова Тарбия Анайбековна тапсырды. Ұстаздарға алдағы уақытта дендерінің сау болып, отбасының амандығы мен жаңа, игі істерімен Отанымыздың Тәуелсіздігін нығайта беруге тілек білдірді. Ата-бабалар қорғап, бізге мұра еткен байтақ жеріміздің іргесі бүтін, халқы бай, қуатты болсын!
Марапатқа ие болған әріптестер өз ризашылықтарын білдірді.
«Қазақстандық салалық білім жәнеғылым қызметкерлері кәсіптік
одағыныңМаңғыстау облыстық ұйымы» маманыА.Аманиязова
-
Фотографии
-