
«Спорт - бізді біріктіреді»
Саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Спорт бізді біріктіреді» атты тақырыпта Абай көпсалалы колледжінде мұғалімдер арасында шағын футбол, үстел теннисі және қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары – тоғыз құмалақтан облыстық жарыс өткізілді. Жарысқа Қарағанды облысының 14 колледжі қатысты.Жарысты ұйымдастырушылар: Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы, Абай көпсалалы колледжінің «Дене тәрбиесі және АӘД кафедрасы», «Сарыарқа дарыны» аймақтық білім-тәжірибелік орталығы.
Мұғалімдер арасындағы дәстүрлі облыстық жарыстың жеңімпаздары:
Шағын футбол:
1-ші орын Қарағанды политехникалық колледжі.
2-ші орын Саран техникалық колледжі.
3-ші орын «Болашақ» колледжі.
Қатысушылар жылдамдыққа, ептілікке баулитын ойында өздерінің ұйымшылдығын көрсетіп, белсенділік танытты.
Үстел теннисі:
1-ші орын Абай көпсалалы колледжі.
2-ші орын Саран гуманитарлы-техникалық колледжі.
3-ші орын Қарағанды тау-кен колледжі.
Тоғыз құмалақ:
1-ші орынды Саран гуманитарлы техникалық колледжі.
2-ші орынды Қарағанды автокөлік колледжі.
3-ші орынды Қарағанды теміржол колледжі иеленді.
Тоғыз құмалақ – қазақ халқының ежелгі ойыны. Математика амалдарын қолданып, терең есептеуге үйретеді. Жыл сайын ұстаздардың спортқа деген қызығушылығы артуда. Әр команда жақсы дайындықпен келеді. Биыл аталып өткен командалар үздіктер ретінде танылды.
Осы дәстүрімізді ары қарай жалғастырамыз. Жарысқа қатысқан колледждер мұғалімдеріне алғыс айтамыз.
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері
кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы
-
Фотографии
-