
Тәуелсіздік қарсаңындағы марапаттаулар
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!
Мемлекеттік мереке қарсаңында облыста түрлі салтанатты шаралар өткізілді. Солардың бірі – Павлодар облысы білім беру басқармасы мереке күнімен ұстаздар қауымын құттықтап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің атынан Құрмет грамоталарын табыстады.
Көп жылғы ерен еңбегі, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының дамуына сіңірген еңбегі, әлеуметтік әріптестермен тығыз қарым-қатынас орнатуда, кәсіподақ мүшелерінің сауықтырылуына қосқан үлесі үшін ҚБ-тің бас есепшісі Жұлдыз Дүйсенбекқызы Қабдығали да аталған марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, Аумақтық кәсіподақ ұйымы да салалық кәсіподақтармен бірлесе отырып мереке алдында салтанатты концерттік бағдарлама өткізді. Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының жастар саясатына қосқан үлесі, саладағы белсенді қызметі үшін және Мемлекеттік Рәміздердің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық конкурстың гран-при иегері Ақсу қаласы Ю.Гагарин атындағы орта мектептің жас педагогы Алмас Қуантайұлы Ақтасов «Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ-нің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Марапат иелеріне зор денсаулық, жемісті еңбек және отбасыларына ырыс-береке тілейміз!
Павлодар облыстық білім және ғылым
қызметкерлері кәсіподағының баспасөз қызметі