
МЕРЕКЕГЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Байзақ аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерекесіне орай Байзақ ауданы білім беру қызметкерлері ерлер мен әйелдер арасында волейболдан аудандық турнир өтті. Аталған турнирге ауданның білім саласы қызметкерлерінен құралған құрама командалар қатысты.
Турнирді өткізудің негізгі мақсаты - ҚР Тәуелсіздігінің 26 жылдық мерекесін атап өтумен, сонымен қатар сала қызметкерлерінің арасында саламатты өмір салтын қалыптастыру мен насихаттау, еңбек ұжымдарының бірлігі, дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамыту, еңбекшілер арасында науқастану деңгейін төмендету мен еңбекке қабілеттілікті арттыру, кәсіподақ мүшелерін бұқаралық спортқа баулу болып табылады. Турнирге қатысушы құрама командалар топтарға бөлініп, айналма жүйе бойынша ойындар өткізді. Ақтық ойынға әр топтан бірінші орын иеленген құрама командалар жолдама алды. Аудандық турнирдің қорытындысы келесідей болды: ерлер арасында – Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мен Жамбыл орта мектебі құрама командалары жүлделі 3 орынды иеленді, Н.Киікбаев атындағы мектеп гимназия құрама командасы жүлделі 2 орынды иеленді, Ғазиз Байтасов атындағы орта мектебінің құрама командасы бас жүлде - 1 орынды иеленді.
Әйелдер арасында – Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп гимназиясы мен Кеңес орта мектебі құрама командалары жүлделі 3 орынды иеленді, Н.Киікбаев атындағы мектеп гимназия құрама командасы жүлделі 2 орынды иеленді, Бурыл орта мектебінің құрама командасы бас жүлде - 1 орынды иеленді.
Турнир жеңімпаздары кубокпен, арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Зағипа АБДИЕВА,Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Жамбыл облыстық ұйымының Байзақ аудандық комитетінің есепші-маманы
-
Фотографии
-