БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ
2017 жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай кәсіподақ белсенділерін марапаттауға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды. Мерекелік шараның қонақтары болып кәсіподақ ардагерлері, Батыс Қазақстан облыс әкімінің орынбасары Б.Қонысбаева, облыстық маслихат хатшысы М.Құлшар, әлеуметтік әріптестер, жоғары оқу орындарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері қатынасты.
Шара барысында Облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы М.Даупаев, облыстық маслихат хатшысы М.Құлшар, БҚО Кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Е.Салықов өз кезектерінде жиналған қауымды алда келе жатқан ел тәуелсіздігінің 26 жылдық мерейтойымен құттықтап, өздерінің шынайы лебіздерін білдірді.
Кәсіподақ қозғалысының қалыптасуына, бірлігінің нығаюына және дамуына қосқан зор үлесі үшін мерекеге орай кәсіподақтың бірқатар белсенділері марапатталды.
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚКӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫ
-
Фотографии
-