Тәуелсіздік - рухани жаңғыру кепілі
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған Қызылорда облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-рухани жаңғыру кепілі»тақырыбында салтанатты жиын өтті.Тәуелсіздік алғалы кәсіподақ ұйымының жауапкершілігі артып, оның дамуы мен нығайуына жол ашылды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Кәсіподақ әрқашан жалдамалы жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын ықпалды ұйым ретінде болған және болады да» деген сөзі кәсіподақтарға білдірілген зор сенім мен олардың алдына қойылған бүгінгі уақыт талабы екені даусыз. Салтанатты шара облыстық кәсіподақ комитетінің жұмыстары жайлы «Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіподақ» атты бейнебаянмен ашылды.
Облыстық кәсіподақ комитетітің төрайымыБайназарова Райкүл Мансұрқызыүздіксізқызмет атқарып жүрген бір топ кәсіподақ белсенділерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар ФедерациясыныңҚұрмет Грамотасыменмарапаттады.
Досова Айсұлу Барақбайқызы –Шиелі ауданы, №50 Абай атындағы мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің«Білім қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін»белгісімен
Халлаева Шынзадай Шангереқызы-Қармақшы ауданы, №272 мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Жуманов Сакен Даткеұлы-Шиелі ауданы,№270 мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Сатершинов Елшібек Меңлібекұлы-Жаңақорған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы;
Раман Әбілқасым Қуанышқанұлы-Қазалы аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы;
Байжігітова Гүлмарам Абдикаримқызы-Қазалы ауданы,№70 мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Әлиева Гүлнар Саулебайқызы-Жалағаш ауданы,№13 «Балдырған» бөбекжайыныңбастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Қарабалаева Айнагүл Ахметқызы-Сырдария ауданы, №137 орта мектебініңбастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
Жарилгасинова Сабила Орнинбасқызы-Қызылорда қаласы, № 253 мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы.
2017 жылы оқушылары«Алтын белгіге»бітірген бір топ бастауыш сынып мұғалімдеріне Астана қаласына«Алаш төрінен – Астана алақанына» туристтік саяхатқа жолдама тапсырды.
Кәсіподақ комитеті қоғамымыздағы болып жатқан өзгерістерден шет қалмай ұстаздар қауымымен жастардың әлеуметтік-экономикалық құқығын қорғауда еліміздегі заң аясына сәйкес әлеуметтік, әріптестіктің үлгісін көрсетіп, ұстаз игілігіне өз күш жігерін жұмсап жүрген қоғамдық ұйым. Қоғамдық ұйымның жұмысының пәрменді болуы оны басқарып отырған көшбасшысына байланысты екені сөзсіз. Сонымен қатар облыстық«Үздік кәсіподақ көшбасшы-2017»байқауы болып өтті. Сала төрайымы Райкүл Мансүрқызы «Осындай шараларды өткізу ең үздік көшбасшыны таңдап қана қоймай, сонымен қатар, олардың өзара тәжірибе алмасуына да жағдай жасалады» деп атап өтті. Жалпы сайыс 3 кезеңнен түрды. Атап айтар болсақ:
- Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмысымен таныстыру.
- Қолданыстағы заңнамалар, ситуациялар.
- Идеялар аукционы. «Жаңа идея. Жаңа бастама».
Жарысқа қатысушылар тыңғылықты дайындықпен келген, өз салаларында көшбасшылық шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білді.Байқаудың қорытындысы бойынша үздік кәсіподақ көшбасшылары анықталды.
І орын - Омарова Гүлзира СүлейменқызыҚызылорда қаласы, №212 мектеп-гимназиясының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
ІІ орын - Жұмағазиева Роза БөгенбайқызыҚазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №204 мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы;
ІІ орын - Сүлейменов Амантай ҚойшыбайұлыАрал ауданы, №19 орта мектебі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы.
Жүлдегерлер диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Облыстық кәсіподақ комитетінің төрайым орынбасарыГүлнар Ескалиева
-
Фотографии
-