Ұстазға қолдау
Шығыс Қазақстан облысы аудан басшыларының арасындағы бірден-бір үздік әлеуметтік серіктес, білім саласын дамыту – елімізді дамыту деп санайтын Ұлан ауданының әкіміДәулет БатырбаевпенҰлан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруыменоблыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының активі кездесті.
Ауданда барлық ұстаздардың жағдайын жасау жүйелі түрде қолға алынғаны туралыДәулет Батырбаевайтты.
2013 жылдан бері Ұлан ауданында 10 көпқабатты үй салынып және олардың басым бөлігі білім саласының мамандарына берілді.
«Қазіргі уақытта қай мектептерге қандай маман жетіспейді, жаңадан келген мамандарға қандай жағдай жасалуда екенін анықтадық. Бекітілген арнайы жоспар негізінде бос қалған үйлердіңқұжаттары реттеліп, толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар 2-3 ауылдық округте бос қалған ғимараттарды толықтай жөндеуден өткізіп заманауи хостел жасау жоспарланған. Яғни, ортақ ас үйі, интернетпен жабдықталған бөлме, демалу бөлмесі, спортзал, моншасы бар қонақүй тәрізді үй болады. Кейін мұндай үйлерде ауданның ұстаздары жиналып, біліктілікті арттыру курстарын, түрлі семинарлар өткізетін болады», - дедіДәулет Батырбаев.
Сондай-ақ, аудан аумағында тұратын білім саласының барлық қызметкерлеріне экологиялық куәліктің бар жоғына қарамастан, экологиялық төлем төленіп, 10 күндік демалыстар да беріледі, мұғалімдерге сауықтыру жәрдемақысыжәне коммуналды қызметке арнайы қаражат төленеді.
Білім заңы сәйкес аудандық маслихаттың қаулысымен ауылдық жерде жұмыс істейтін білім, спорт, мәдениет, әлеуметтік саласының азаматтық қызметкерлеріне 25% қосымша қаражат төленеді.Сондай-ақ аталған қаулы негізіндебұл 25%-дық үстемақыны мектептердегі спорттық құралдардың меңгерушісі, зертхана меңгерушісі, мектеп жанындағы мұражай меңгерушісі, үйірме жетекшілері, есепшілер, шаруашылық меңгерушісі және тағы басқа мамандарға да төленеді.Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2016 -2017 оқу жылында 25%-дық үстемақынытек қана Ұлан ауданында есепші (бухгалтер), шаруашылық меңгерушісі (завхоз) т.б. мамандық иелері алғаннын атап өткен жөн. Сонымен қатар, жергілікті әкімдік мектептің көлік жүргізушілерінің жалақасына көрсетілетін қызмет аясын кеңейткені үшін 50% үстемақы қосуда.Мектептің штатында автобустарды жөндейтін арнайы механиктер болмағандықтанжүргізушілер көліктерді өздері жөндейді. Сондықтан олардың жалақысына 50% үстемақы қосудамыз - деп атап өтті аудан әкімі.
Ұстаздарға осындай жағдай жасап отырған Ұлан ауданының әкімі Дәулет Бахитұлына Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлеріКәсіподағының жоғарғы марапаты, яғни «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» арнайы төс белгі табысталды.
«Ұлан ауданы әкімдігінің, білім бөлімінің және аудандық кәсіподақ ұйымының бірлескен жұмысының нәтижесі көңілге қуаныш ұялатады. Ұлан ауданы әкімдігінің білім саласына бөлген ерекше көңілі өзге аудандарға үлгі болуы тиіс. Қазақстан Республикасы кәсіподағының марапаты кәсіподақ мүшелеріне ғана емес, білім саласының дамуына үлес косып жүрген әлеуметтік серіктестерге де табысталады», - деп атап өтті арнайы марапатты табыстаған Шығыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрағасы Назгүл Касенова.
Кездесу соңында аудан әкімі Ұлан аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жұмысына оң баға беріп, ұйымды басқарып отырған төрағасы Нұрхат Садықовқа ерекше алғысын білдірді.
-
Фотографии
-