
Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Қарағанды қаласы №23 жалпы білім беретін орта мектепте «Ұлттық - өлкетану» мұражайы ашылды
Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының аясында Қарағанды қаласы №23 жалпы білім беретін орта мектепте «Ұлттық - өлкетану» мұражайы ашылды. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру жүйесіне де оң әсерін тигізіп жатыр. Осы орайда кәсіподақ қызметкерлері де өркениет көшінен қалыс қалмай, рухани жаңғыруға өз үлестерін қосуда.
Ұлттық мұражайдың ашылу салтанатының қонақтары: Қарағанды қалалық білім бөлімінен ЖОБ бөлімінің меңгерушісі Головина Наталья Владимировна, ұйымдастыру-кадр жұмыстары секторының меңгерушісі Кашенова Марал Елубаевна, Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Ракишева Алмагуль Айтаказыевна, Қазыбек би аудандық кәсіподақ комитетінің бас есепшісі Хасенова Асель Мейрамовна және қала мектептерінің директорлары болды.
Мұражайдың басты мақсаты: өлкеміздің қалыптасуына өлшеусіз үлестерін қосқан аға буын өкілдерінің есімдерін жаңғырту және ұлттық бұйымдарды ұлықтау. Өлкеміздің тарихы өте тереңде жатыр. Оның бай мұрасын бүгінгі ұрпаққа жеткізген тарих тарауларына терең бойлаған ұлағатты ұстаздардың бірі — Куанышбаева Жанат Мустахимовна. Ұлттық – өлкетану деп атының өзі айтып тұрғандай, алдағы уақытта музейді осы жасалынған жобалар арқылы халықтың асыл қазыналарын жинақтап, қолдан жасалынған өнер туындыларының үлгі- нұсқаларын жасау, сақтау, насихаттау және бұл мұраларды ұрпақтан- ұрпаққа жеткізе отырып, осы негізде тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени және рухани орталыққа айналдыру болып табылады.
Аталмыш мерекеге келген қонақтардың құрметіне кәсіподақ мүшелері «халықтар достығы» бағытында әр мемлекеттің салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары, экологиялық ақуалы мен ұлттық киімдері жайында айтып берді. Іс-шараны ұйымдастыруға кәсіподақ мүшелері мен 8-11 сынып оқушылары және ата-аналары аянбай ат салысты. Мерекеге келген қонақтарды сынып оқушылары әр ұлттың салт –дәстүрлеріне сай қарсы алып, өздерінің естелік сыйлықтарын тарту етті.
Осы іс-шараны ұйымдастырып, бағыт-бағдар беріп отырған кәсіподақ мүшелеріне, мектеп басшылығына, кеш қонақтары өз алғыстарын білдірді. Мереке жоғары деңгейде көңілді өтті.
Автор: Арынтаева Дидар Онеровна,Қарағанды қаласыҚазыбек би ауданы №23 ЖББОМкәсіподақ төрайымы
-
Фотографии
-