
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАРЫ
Жамбыл облыстық білім басқармасы мен Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымының ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» атты VІІ облыстық фестивалінің аудандық гала-концерттері басталды. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған осындай фестиваль мереке қарсаңында Меркі ауданында өтті.
Фестивальге қатысушылар мен педагогикалық ұжымдар ережеге сәйкес 7 номинация бойынша, яғни хормен ән салу, оркестрлер мен ансамбльдер, көркем сөз оқу, вокалдық жанр, хореография, оригиналдық жанр және драма өнері жанрлары бойынша өз өнерлерін паш етті.
Тыңдармандар көңілін екі жарым сағат бойы ән-бимен серпілткен өнерлі ұстаздар мен жеңімпаз педагогтарды облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Сейтбекова мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Гүлсін Орынбаева, Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков диплом, сертификатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.
Перизат БАҚЫТ
-
Фотографии
-