Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында Жетісу жерінде бірқатар шаралар өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты аудандық, қалалық комитеттердің ұйымдастыруымен бірқатар көпшілік шаралар өтті. Кездесу, дөңгелек үстел, ашық сабақ, спорттық жарыс түрінде өткен шаралар барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның дамуы мен қалыптасу үрдісіндегі рөлі жайлы айтылды.
Мысалы, Ақсу аудандық кәсіподақ комитеті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары, Ақсу аудандық маслихатының депутаты М.Естібаевтың қатысуымен салтанатты жиын өткізді. Мерекелік жиында Ақсу аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Маралов кәсіподақ саласының белсенділері алғыс хатпен марапаттап, жас мамандарды кәсіподақ мүшелігіне қабылдады.
Қаратал ауданы Үштөбе қаласы № 13 орта мектебінде «Жас Қазақстанның - жас мамандары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Жас мамандар айтулы датаның маңызы, Елбасының көшбасшылық қабілеті, әлемдік қауымдастықтағы беделі жөнінде пікір алмасып, ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелге қатысушылар тәуелсіздік алғаннан бергі Қазақстанның табыстарын Елбасы есімімен байланыстыратынын айтып, ортақ тоқтамға келді. Өз кезегінде Қаратал аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Әлия Сәлімова кәсіподақ саласының белсенділерін алғыс хаттармен марапаттады.
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі
-
Фотографии
-