.jpg)
Құрметті, ел ағалары, форумға қатысушы жас мамандар!
Біз, форумға қатысушылар, ауданның білім саласындағы жас ұстаздармүддесін білдіре отырып, барша еңбек жолын енді ғана бастап отырған жас мамандарға үндеу жолдаймыз.
Біз, Тәуелсіздік буыны, жас педагогтар,Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жастарға деген қамқорлығының нәтижесінін айқын сезініп келеміз. Мен Жоланова Тоғжан Самаладинқызы Шұбарқұдық гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Өз кезінде Жүсіпбек Аймауытов«Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін»деген екен. Олай болса, құрметті ұстаздар, өз мамандығымыздышексізсүйе отырып,әрбір ізденіс, әрбір қимыл тек балаға, баланыңбіліміне,болашағынаарналсағана шәкіәрттеріміз сол білімді жоғары дәрежеде көрсетеаларыкүмәнсіз.
Бүгінгі күннің міндеті – мәртебелі мамандықтың қыр-сырын терең меңгерген, егемен еліміздің ертеңін даярлау жолында еңбек жолын енді ғана бастаған жас ұстаздарға қолдау көрсету. Аға буынның салып берген сара жолымен Тәуелсіз еліміздің ұл-қызын тәрбиелеуде бар ынта мен күш жігерін аямай жұмсауға жұмылдыру.
Форумға қатысушы жастар, бізді Отанымыздың болашағына деген жауапкершілік, елімізді бұдан да қуатты мемлекетке айналдыру ниеті біріктіреді.Қазақстанды 2050 жылға межеленген мақсаттарға жеткізудің тарихи мүмкіндігі бізге бұйырып тұр.Бүгінде Елбасы саясатының арқасында біздің дамуымыз үшін барлық жағдай жасалған.
«Дипломмен ауылға» «Жастар Отанға»бағдарламасы, Елбасымыздың рухани жаңғырумақаласы біз үшін кәсіби және зияткерлік даму, өзімізді таныту және шығармашылық көкжиегін кеңейтеді, бәрімізге жетістік жолын табуға мүмкіндік береді. Біздің әрқайсымыз еліміздің гүлденуіне өз үлесімізді қоса аламыз. Біздің отансүйгіштігімізге, ауызбіршілігімізге, білімге ұмтылысымыз бен еңбексүйгіштігімізге тек жеке жетістігіміз ғана емес, Қазақстанның болашағы да байланысты. Біздің күшіміз бен алға ұмтылудағы жігеріміз - «Мәңгілік ел» идеясының қозғаушы күші. Елбасымыздың айналасына топтаса отырып, біз, Қазақстан жастары, ұлы жетістіктерге жететінімізге сенімдіміз!
Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз!
Біз болашаққа сеніммен қараймыз!
Еліміздің болашағы біздің қолымызда!