
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында,студенттер күніне ұйымдастырған «Күзгі бал» сайысы
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, дүниежүзілік студенттер күніне «Күзгі бал -2017» сайысын ұйымдастырып өткізді. Сайыс таныстыру, пародия, өнер, икебано жасау, ситуациалық сұрақтар, күзгі коллекция және вальс талаптарына сәйкес өткізілді.
Қазылар алқасы колледж оқытушыларымен колледж әдіскері болды. Бұл сайысқа 6 жұп қатысты, барлық топтар белсенділігін білдіріп, өте жақсы денгейде өнер көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша: «Күз Ханзадасы мен Ханшайымы» бас жүлдеге ие болған ТТ-17/01 тобынан – Орынбаев Сундет -Карибаева Камила; «Өнерлі жүп» номинациясыҚД-17/01 тобынан – Жарылқапбаев Берекет-Султан; «Тапқырлы жүп» номинациясы АС-17/01 тобынан –Денисов Даниил - Чернюк Любовь; «Инста жұлдыздары» номинациясы ТБ-17/01 тобынан - Саханов Батырбек - Құдайбергенова Анжела; «Көрермен көзайымы» номинациясы МК-17/01 тобынан – Бейбіт Абзал-Абуллаева Оразгүл; «Әртістік шеберлік» номинациясы ТГ-17/01 тобынан – Тынысбек Батыр-Тұрарбекова Айжамал ие болды. Сайыс тартымды өте әсерлі өтті.
Нұрханова Мира,Ақтау технологиялық қызметкөрсету колледжі директорыныңтәрбие жөніндегі орынбасары
-
Фотографии
-