.jpg)
«Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің берік негізі» атты V Республикалық жастар форумы
Атырау қаласында 21-23 қарашада өткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдығына және 1-ші желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай «Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің берік негізі» атты VРеспубликалық жастар форумына Ақтөбе облысынан облыстық кәсіподақ ұйымының төрайымы мен 5жас кәсіподақ мүшелері барып қатысып келді. Шалқар және Әйтеке би аудандарынан екі жас мұғалім республикалық жас ақындар «Рәміздер – отаншылдық сезімнің бойтұмары» атты үздік өлең-шығармалар байқауының жеңімпаздары болып танылып, салалық кәсіподақтың марапаттарына ие болды. Шалқар ауданының жас ақыны Әбжанов Нұрсұлтан екінші орын иеленіп диплом мен 80000 теңге көлемінде сыйақы алса, Әйтеке би ауданының жас ақыны Байниязов Нұрлыбек үшінші орынға диплом мен 60000 теңге сыйақы алды. Форум жоғарғы дәрежеде өтіп, қатысушы жас мамандар көтеріңкі көңілмен, жақсы әсермен, риза ниетпен оралды.
«Қазақстандық салалық білімжәне ғылым қызметкерлері
кәсіптікодағының Ақтөбе облыстық ұйымы» ҚБ
-
Фотографии
-