
«Жастар – жаңалық жаршысы» жастар форумы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы Ақай ауылындағы №99 орта мектебінде«Жастар – жаңалық жаршысы» атты аудандық жастар форумы өтті.
Форумға қатысушыларды аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің жанынан құрылған Жастар кеңесінің төрағасы Байдрахманов Ерсін Байдрахманұлы және Жастар кеңесінің мүшелері қатысты.
«Жастар – жаңалық жаршысы» атты танымдық жұмыста ұйымдастырылған үлкен көрмені №99 орта мектептің жас маманы А.Қожақова таныстырды. Көрмеде мектептегі аға буын, орта буын, жас маман барлық ұстаздардың жеткен жетістіктері сараланып қойылған. Мектеп ұстаздарының, шәкірттерінің, үлгі болатын жастардың жоғарғы жетістіктерімен қоса аудан Жастар кеңесі мүшелерінің жетістіктеріне тоқталып, осындай биіктерден көріне беруге шақырды.
Жас ұстаздар «Жастарым – ел ертеңі» тақырыбында спорт шеберімен кездесу өткізе отырып, спорттың адам өміріндегі рөлі мен елдің болашағы жас ұрпақтың денсаулығына, салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастар арасында салауатты өмірді насихаттап өтті.
Форум жұмысының ІІ бөлімінде Жастар кеңесінің мүшелеріне алдын-ала берілген суреттер бойынша 4 топқа бөліп, «Жастар қандай болу керек?», «Үлкенге ізет-кішіге қамқор» бола білетін, әрі көмекші бола білу, болашақ артымыздан ерген жас мамандардың жақсы болуы үшін қазіргі жас маман қандай болу керек?»- деген ойландырар мәселе төңірегінде ой қозғалды. Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Махамбетова Бахыт М.Шахановтың «Он екіден үшті алуға бола ма?» өлеңі осы пікірлердің қорытындысы болды.
Келесі «Кәсіподақ тірегі – белсенді жастар» ашық алаңы пікір –талас, тілек, ұсыныс, жастар арасындағы туындаған сұрақтар қою түрінде өтті. №99 орта мектептің ұлағатты ұстаздары мектеп директорының орынбасарлары үздіксіз тыным таппай жүрер жас ұстаздардың беделі мен алар орнын айқындап, жастарға деген сенімнің мол екендігін айтып өтті.
Форум аясында жастар кеңесінің әнұраны ұсынылып, форум жастары ән ырғағына қосылып «Біз әрқашан біргеміз, ажырамас іргеміз» мәдени танымдық жұмысымен аяқталды.
Г.Тұрсынбаева,№ 99 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы
-
Фотографии
-