
Еңбек қауіпсіздігі кәсіподақ назарында
23 қараша күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Қаратал аудандық комитетінің ұйымдастыруымен Үштөбе қаласында «Әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі. Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор, оның қызметі мен міндеттері» тақырыбында семинар өтті.
Қаратал аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы Әлия Салимованың төрағалығымен өткен семинарға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары жанындағы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары мен техникалық инспекторлар, аудандық білім бөлімінің әдіскері, тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы, «ТАТЭК» акционерлік қоғамының инженері, аудандық төтенше жағдай комитетінің бас маманы қатысты.
Қаратал аудандық комитетінің техникалық инспекторы Жоламан Даутов Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің негізгі баптарына түсініктеме беріп, оқу орындарында құрылған өндірістік кеңестің атқаратын қызметіне тоқталды. Сонымен қатар, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі мен еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда қарастырылған әкімшілік жауапкершілік, салынатын айыппұл көлемі туралы толық ақпарат берді.
Қызу пікір-таласта өткен оқыту семинарларына қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарына толық жауаптарын алып, болашақта еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін кәсіподақ ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын түсініп, соңында естелік суретке түсіп, тарасты.
ӘЛИЯ САЛИМОВА,Қаратал аудандықкәсіподақ комитетінің төрайымы
-
Фотографии
-