Ардагерлер мен жас мамандар кездесті
Бүгін білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Жаркент қаласындаорналасқан Еңбекші орта мектебінде «Біз жастарды қолдаймыз» атты тақырыпта ардагер ұстаздармен жас мамандар кездесті.
Кездесу барысында Еңбекші орта мектебі бастауыш кәсіподақ комитетінің төрағасы Алымжан Асимов сөз алып, жас мамандарға тәжірбиесімен бөлісу мақсатында ұйымдастырылған шараға арнайы шақырылған зейнеткер ұстаздарды таныстырып өтті.
Келесі сөз тізгінін ұстағанПанфилов аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков биылғы жылы атқарылған жұмыстарды ретімен айтып,қазан айында аудан бойынша ардагер ұстаздардың тізімі жасақталғанын, ұзақ жылдар мектеп директоры қызметін абыроймен атқарғанауданның беделді азаматы Солтанаев Молот Мұсаұлының педагогикалық еңбек ардагерлері аудандық кеңесінің төрағасы сайланғандығын жеткізді. Сонымен қатар, қоғамдық бірлестіктің басшысы тамыз айында жас мамандардың ішінен жастар ұйымы құрылып, белсенді жұмыс істеп жатқандығындатілге тиек етті.
Кәсіподақ мүшелері бас қосқан жиында жұмысқа жаңадан келген мұғалімдер емін-еркін пікір алмасып,көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап алды.
Кездесуді қорытындылаған Еңбекші орта мектептің директоры Адалят Ахтамова өзі басқарып отырған еңбек ұжымының 116 адам жұмыс істесе, оның 76-сы мұғалім екендігін айтып, 20 жуық зейнеткер ұстаздарды мерекелік шараларға шақыратындығын баса көрсетіп, келген қонақтарға алғысынбілдірді.
Маржан Қайратқызы,Білім және ғылым қызметкерлері
Панфилов аудандық кәсіподақкомитетінің маманы
-
Фотографии
-