
Меліс Тоғжан облыстық „Педагогикалық дебют“ байқауының ІІІ орын иегері
Талғар аудандық әдістемелік кабинет әдіскері С.Сұлтанбай және Талғар аудандық кәсіподақ филиалының ұйымдастыруы бойынша Аудандық «Педагог Дебют-2017» байқауы өткізілді. Байқаудың жеңімпазы Меліс Тоғжан - 2017 жылы сәуір айында аудандық „Жас дебют -2017“ байқауында аудандағы 42 мектептен озық шығып, бас жүлдені жеңіп алып, облысқа жолдама алды.
2017 жылдың қараша айында Талдықорған қаласында облыстық „Педагогикалық дебют “ байқауына қатысып 14 ауданнан қатысқан 20 білім беру мекемесінен қатысушылар арасынан ерекше көзге түсті.
Облыстық байқауда Меліс Тоғжан қорғаған „Менің мамандығым – мұғалім“ атты презентациясында өзінің жастайынан ұстаздық мамандықты жан-тәнімен сүйетінін, ұстаздық киелі мамандық екенін, білім нәрін себуші ұстаз еңбегін қазақтың қара домбырасы арқылы тыңдаушыларының көңілінен шыға білді. Тоғжан өткізген ықшам сабағын видиоролик түрінде өткізіп әділқазылар сұрақтарына нақты жауаптар берді. Берілген тақырып бойынша 10 минут ішінде эссе жазуда да, өз ісінің шебер, кәсіби маман екенін көрсетті.
Облыстық байқау қорытындысы бойынша Меліс Тоғжан жүлделі ІІІ орынды жеңіп алып, аудан намысын қорғап шықты.
Меліс Тоғжан Бекетқызы – 1993 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. 2011 жылы Алматы қаласындағы Шет тілдер және Іскерлік карьерасы университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылдан Бірлік ауылындағы №35 мектеп-гимназияда қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беріп келеді.
Меліс Тоғжан Бекетқызы–қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен үш жылдан бері сабақ беруде. Өз пәнін жетік меңгерген, жас маман әр сабағын бүгінгі күннің талабына сай жаңартылған білім беру мазмұны талаптарына сай өткізіп келеді.қызықты да мазмұнды өткізіп келеді. Ол жеке тұлғаның еркін ойлау қабілетін дамытуда жан-жақты жұмыстар жүргізеді. Әр сабағында оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне қарай түрлендіріп өткізеді, сонымен қатар әр түрлі стратегияларды пайдаланады.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін, ойлауын, сөздік қорын молайту мақсатында тиімді тәсілдерді қолдана біледі. Сонымен қатар, тіл дамыту жұмыстарын жүргізу арқылы логикалық ойындар, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыруда топтап, жекелей оқушымен түрлі бағыттағы шығармашылық ізденіске баулиды, пәнге қызығушылығы мен белсенділігін үнемі арттырады.
Жас маман мектепішілік 26.11.2016 «Өлкеңді тану – өзіңді тану!» атты танымдық форумында жетекшілік ететін 5 «б» сыныбы ақтық мәреге шығып, диплом, алғыс хаттармен марапаталған.
Меліс Тоғжан - өзінің жан-жақты білімділігі мен іскерлігін ұжымға таныта білген, болашағынан зор үміт күттіретін жас маман.
-
Фотографии
-