
Демалып келген ұстаздар
Мұғалім – өте нәзік, әрі күрделі музыкалық аспап тәрізді. Ол – ұйымдастырушы, психолог, артист, барлық адами қасиеттерді бойына жинақтауға ұмтылатын тұлға. Оның еңбегіне құрметпен қарап, үніне үн қосқанда мұғалім өз жұмысын жоғары деңгейге көтеруге ұмтылып, шығармашылықпен еңбек етері сөзсіз.
«Еңбектен қуаныш табуға үйрете білгеннің мерейі үстем», - дегендей,облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы мұғалімдерді ынталандырудың жаңа жүйесін жүзеге асыруда. Сондай игілікті шаралардың бірі – мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, денсаулығын нығайту мақсатында шипажайларға тегін жолдама беруді ұйымдастыруды тек кезекті еңбек демалысы кезінде ғана емес, жыл бойы жүргізуді қолға алулары ұстаздар қауымына жоғары көңіл-күй сыйлауда.
Үстіміздегі жылы ұстаздар мерекесіне орай білім саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек еткен, өздері және оқушылары жоғарғы жетістікке жеткен облыстың 30 мұғаліміне Жамбыл облысы «Мерке» шипажайына тегін жолдама беріліп, күзгі каникул кезінде әріптестерімізбен бірге демалып қайттық. Ем алумен қатар, таза табиғат аясында тау самалымен тыныстап, тарихы терең Тараздың көрнекті жерлеріне саяхат жасап, ұмытылмастай әсер алдық.
«Таза мөлдір бұлақтан қанып су ішкенде, оның шығып жатқан қайнарын ұмытпа», - дегендей, біздің мәртебемізді арттырып, шығармашылықпен еңбек етуімізге қолдау жасап отырған облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымына алғысымызды білдіреміз.
Темір ауданы,Бегимова Р.Н. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
-
Фотографии
-