
Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жас Орда» студенттер кәсіподағы Теміртау қаласындағы «Космонавт» демалыс орнында бірінші курс студенттеріне арналған жыл сайын өтетін «Wake Up 2017» күзгі жаттықтыру сапарын өткізді
Бұл сапарға 100-ден астам ҚарМТУ студенттері қатысты. Жаттықтыру сапарының негізгі тақырыбы: Елбасының бағдарламалық мақаласы«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».2 күнге жалғасқан іс-шара барысында арнайы тренерлер шақырылып, кездесулер өткізілді. Ол кездесуде қатысушылар кәсіподақ жұмысының құрылу тарихы мен басты мақсаттары жайлы білді, жастардың тәрбиелік жұмысына бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жайлы мәліметтермен танысты. Сонымен қатар, әлеуметтік және инновациялық жобаларды қолдайтын бағдарламалар туралы ақпарат алды.
Әртүрлі сайыстарға қатысу арқылы, студенттер өз бойындағы спорттық және шығармашылық жаңа қырларымен танысып, оқу жылына жақсы көңіл-күймен қуат жинады.
Іс-шара соңына барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды, жеңімпаз топтар серіктес-спонсорлардан құнды сыйлықтарға ие болды: аумағы бойынша ең үлкен квест-рум «DoorДом» ақысыз кіру 12 сертификаттары, «Некафе» тайм-кафесінен үш сағаттық абонементтер, «Ser Burger» тез тамақтану кафесінен топтың барлық мүшелеріне «Жас Орда» сеттері, «Додо пицца» тағамдарды жеткізу орнынан 6 үлкен пиццалар сертификаттары.
Бузяков Рустам, ҚарМТУ«Жас Орда»студенттер кәсіподағының төрағасы
-
Фотографии
-