
Кәсіподақ күші-бірлікте
Жаңақорған ауданындағы №11 «Балауса» балабақшасында бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Кәсіподақ күші-бірлікте» тақырыбында семинар-кеңес болып өтті.Семинар кеңесте бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айсұлу Пазылова кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ ұйымының мақсаты,алда тұрған міндеттері жайлы әңгімелей отырып кәсіподақ күші бірлікте екенін ,сондықтан әруақытта ұжымның кез-келген істі жұмылып күш біріктіре отырып қолға алу қажеттігіне тоқтала отырыпәлеуметтік әріптестікмәселесіне кеңінен түсінік беріп өтті.
Семинар-кеңеске қатысушылар кәсіподақ,оның мүшелерінің құқықтары,кепілдіктері жайлы сұрақтар беріп,тұшымды жауаптар алды.
Қатысушылар бір ауыздан осы семинар-кеңесті ұйымдастырып отырған бастауыш кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді.Семинар-кеңес соңында Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы А.Пазылова кәсіподақ ұйымының ең жас мүшесі медбике Караджанова Гүлданаға кәсіподақ мүшесінің билетін салтанатты түрде табыс етті.
Пазылова Айсұлу, Жаңақорған ауданы
-
Фотографии
-