Панфилов ауданында еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторларға арналған семинар өтті
31 қазан күні Жаркент қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің акты залында білім және ғылым қызметкерлері Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Панфилов аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор қызметінің негізгі міндеттері мен бағыттары» атты тақырыпта семинар өтті.
Оған Алматы облысы бойынша аумақтық еңбек инспекторы Ербол Қасқарауов, аудандық кәсіподақ комитетінің қызметкерлері,білім мекемелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлары қатысты.
Жиынды аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Тұрлыбеков техникалық инспекторлардың біліктілігін арттыру жәнебілім беру мекемелеріндегі қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп жатқан семинар жұмысын ашық деп жариялады.
Аудандық кәсіподақтың еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы, өндірістік кеңестің төрағасы Мұхамади Медеуқұлов баяндама жасап, еңбек инспекторы заң аясында екіжақты ұжымдық шарттың орындалу барысын бақылауда ұстап, өндірістегі жазатайым орын алған оқыс оқиғалар туралы тиісті құжаттарды сұрауға құқығы барын айтты.
Сөз тізігінін ұстаған Алматы облысы бойынша аумақтық еңбек инспекторы Ербол Қасқарауов болса,білім мекемелерінен түсетін арыз-шағым саны жылдағыдан көбейгендігін, онда кеткен кемшілік мекеме басшысы қызметкерлеріне арнап жасалған лауазымды нұсқаулықтарында нақты жұмыс шеңберін көрсетілмегендіктен болғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар, баяндамашыбастауыш кәсіподақ комитетінің төрағалары еңбек ұжымында қандай да бір мәселелер туындаса бұйрық, екі жақты келісім шартқа және жеке еңбек келісім шартына мән бергендері абзал екендігін айтып өтті.
Семинар жұмысын аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Мақытбек Әділұлы қорытындылады, ал еңбек инспекторларына қажетті әдістемелік кітапшалар таратылды.
Маржан Қайратқызы,Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы
Талдықорған аумақтық ұйымы, Панфилов аудандық комитетінің маманы
-
Фотографии
-