Талдықорғанда жас ақындар арасында ұйымдастырлған байқау қорытындыланды
30 қазан күні білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Талдықорған аумақтық ұйымы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне және мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығына орай жас ақындар арасында өткен «Рәміздер – отаншылдық сезімнің бойтұмары» атты облыстық байқауын қорытындылады.
Тәуелсіздік нышаны болып табылатын мемлекеттік рәміздердің мәртебесін көтеру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және шығармашылықпен жұмыс істейтін жастарды анықтау мақсатында өткен байқауға 17-30 жас аралығындағы кәсіподақ ұйымының мүшелері– ұстаздар барлығы 12 ақын қатысуға ниет білдірді.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен байқау қатысушыларының өлең жырларын тәуелсіз сараптау комиссиясы қарап, қорытындысын жариялады.
«Сараптау барысында жолданған туындылардың тақырыпқа сәйкестілігіне, өлеңдердегі сөз қолданысына, ұйқасына, ой жүйелігі мен көркемдік ерекшелігіне назар аударылды»,- дейді өз сөзінде әділқазылар алқасының мүшесі «Жетісу» Алматы облыстық газеті редакторының орынбасары, ақын Әбдірахым Нүсіпбай Додабайұлы. Сонымен қатар,Қазақстан жазушылар одағыныңмүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткеріӘли Әпекұлы Ысқабай, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, бірнеше өлеңдер жинағының авторы, қазақ поэзиясында есімі танылып келе жатқанақын Сағыныш Сабыржанқызы Намазшамова да өз пікірлерімен бөлісті.
Қазылар алқасының шешімі бойынша үздік деп төмендегі жеңімпаздар танылды:
I орын – Данаева Нұрила Бектұрғанқызы - Алакөл ауданы, Қабанбай орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
II орын – Орынтай Мұратхан – Ескелді ауданы, Жалғызағаш орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.
IIIорын - Шенгелбаева Самал Маратқызы – Сарқан ауданы, Ақын Сара атындағы орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
IIIорын – Шынарбаева Камшат Тұрсынуәлиқызы – Кербұлақ ауданы, Күреңбел орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.
Байқауда жеңімпаз атанған жас ақындардың шығармалары республикалық байқауға қатысу үшін Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Орталық комитетіне жолданды.
Талдықорған аумақтық ұйымыныңбаспасөз қызметі