
Кітапханашылардың төл мерекесі
Сәтпаев қаласында жыл сайын 15 қазанда кітапханашылар мерекесі қала көлемінде аталып отырады.
Биыл Абай атындағы №4 мектеп - лицейінің акт залында өз ісінің үздік кітапханашыларына номинациялар 9 кітапханашыға тапсырылды олар:
«Әдіскер-кітапханашы»- білім бөлімінің әдіскері М.А. Естияроваға,
«Өз ісінің шебері»- О.А.Бакушеваға(№25 мектеп),
«За верность библиотечному делу» - А.С.Жунусоваға(№16 мектеп),
«Тәлімгер- кітапханашы» Ұ. Тұрароваға( №4 мектеп-лицей),
«Генератор идей и мыслей» -Т.Литвиноваға (№1 мектеп гимназиясы),
«Жаңашыл -кітапханашы» Р.Байтенова(№9 мектеп),
«Ізденімпаз- кітапханашы» К.Шубаева (№14 мектеп),
«Умение творить и обьедиять» С.Абишева (С.Сейфуллин гимназиясы),
«Еңбекқор кітапханашы» С.Сүтемгенова (№7 мектеп).
Бұл мерекенің номинанттарын, ісшараның қонағы болған ардагер кітапханашыларды Елисеева И.В., Алтыбаева Ш., Коваленко Л.В.
Сәтбаев қалалық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрайымы Гүлнар Ильясова құттықтап, сертификаттар мен төс белгілер және бағалы сыйлықтар тапсырды.
Сәтбаев қаласы білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков кітапханашыларды төл мерекелерімен құттықтап, олардың игі істерін атап өтті.
Ісшара әсем ән мен мың бұралған бишілердің өнерімен жалғасты
Гульнар Ильясова