Көксу ауданында жастармен өткен келелі кездесу
Бүгінгі таңда адами капиталды дамыту,бәсекеге қабілетті болашақ ұрпақ тәрбиелеу, талапқа сай білім беру – мемлекетіміздің басты ұстанымдарының бірі.
Осы ретте, білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Талдықорған аумақтық ұйымына қарасты Көксу аудандық комитеті 25 қазан күні «Нұр Отан» партиясы Көксу аудандық филиалы және «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен «Жақсы мамандық-жақсы жұмыс» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық идеялармен бөлісіп, мазалап жүрген өзекті мәселелерді талқыға салатын сұхбат алаңына Көксу ауданының Құрметті азаматы Сайлаубай Бәзілов, Азияның жеті дүркін чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Әбдуәли Тастанов, «Жалын» жастар кеңесінің мүшелері, жас мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшелері қатысты. Сонымен қатар, аңызға айналған «Тақиялы періште» фильмінің басты кейіпкерін сомдаған актер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Алматы облысының Құрметті азаматы Әлімғазы Райымбеков кездесудің құрметті қонағы болды.
Қонақтар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жастарға ақыл-кеңестерін айтты.Ардагерлер ауданжастарының «Алтын кітабын» шығарутуралы ұсыныс жасады.
Тиісінше аудандық кәсіподақ ұйымы жанынан құрылған «Жалын» жастар кеңесінің мүшелері келешекте атқарылатын жоспарларыменбөлісіп, қараша, желтоқсан айларында жастар арасында үлкен аудандық шаралар өткізетіндерін жеткізді.
С.Төкенова,Көксу аудандық кәсіподақкомитетінің төрайымы
-
Фотографии
-